Шаңырақтың шуағы

Адам баласының өміріндегі ең құнды қазынасы—отбасы. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі— ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін—адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты—балалары. Әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлім баланың өмірлік бағдаршамы болмақ.
Кейіпкерлерім— Дауловтар отбасы — шаңырағына шуақ төгілген мерейлі отбасы.Ғазиз Даулов 1946 жылдың күзінде Қобда ауданының Жиренқопа ауылында дүниеге келген. 6 бала тәрбиелеп өсірген Ғазиз ақсақалдың үлкені Ибрагим мен келіні Гүлнардың балалары бүгінде жапырақтары жайылып, әрқайсысы өз алдына отау құрды. Ибрагим атаЖиренқопа орта мектебін аяқтаған соң кеңестік әскер қатарына қабылданып, елге оралған соң көлік жүргізушісі болып еңбек жолын бастаған. Ауыл-аймақтың абыройлыазаматы болды. Кейін Қобда ауданының Қиыл ауылына көшіп барып, ол жерде де көлік жүргізушісіретінде бірнеше жыл қатарынан жұмыс жасаған қарапайым жұмысшының адал қызметібасшылық тарапынан лайықты бағаланды.
Зайыбы Гүлнар Алға ауданындағы колледждің мектепке дейінгі білім беру мамандығын тәмамдаған. Кейін Гүлнар Ақтөбеқаласындағыоблыстық туберкулез диспансерінде қызмет етті. Ол — мақпалдай мінезі, кеңпейіл көңілімен ағайын-туысының тілін тауып, азаматының абыройын асқақтатқан адал жар.
Ибрагим мен Гүлнардың ұлы Бауыржан да елге сыйлы азамат.Бауыржанеңбекжолынкөлік жүргізушісі болып бастады. Кейін бас механик болып еңбек етті.Қазір жауапкершілігі шектеулі серіктестікте көлікті басқару басшысы болып қызмет етеді. Ол өмір жолында кездескен қиындықтарға еш мойыған жоқ. Ең бастысы, адамдық қалпынан айнымай, адамгершілік қасиетін биік қойды. Жары — Алтыншаш Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінде заңгер. Бүгінде Бауыржан мен Алтыншаш Самина, Аймира, Ақансері, Азамат есімді балаларды тәрбиелеп отыр.
Базаргүл СЕЙТОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
№55 мектеп.
Ақтөбе қаласы.



