Жұмысшылар қауіпсіздігі — басты назарда
Анар ЕСМҰРЗА,
Дөң тау-кен байыту комбинатының
келіссөздер жүргізу бөлімінің маманы.
Хромтау ауданы.
Экономикалық реформалар — Жолдаудың басты бағыты. Ал ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көздерінің бірі — тау-кен өндірісі. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соның арқасында экономикалық өсім деңгейі көтерілді. Президент Жолдауында Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет екендігін ашып айтты. Соның ішінде ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Яғни өндіріс орындарына жақын елді мекендер тұрғындарының шағымдарын ескеріп, тиісті шараларды қолдану және жұмысшылардың өндірісте мертігу фактілерін болдырмауды назарға алуын тапсырды.
Тағы бір айрықша көңіл бөлетін мәселе — геологиялық барлау ісі мен шикізат базасын толықтыруды да заңдастыруды қолға алды. Бұл орайда айтпағым, өзім еңбек ететін Дөң тау-кен байыту комбинаты өз жұмысшылары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігіне жіті көңіл бөледі. Өндіріс аймағында қауіпсіздік техникасы қатаң түрде сақталады. Тұрғындармен де жақсы байланыс орнатылған.
Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауының маңызы өте зор.