Білім

Жеке балабақша ашылды

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Байғанин ауданының  орталығы Қарауылкелдіде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Ақрайыс»  жеке балабақшасы ашылды.  Ұлттық нақышпен безендіріліп, соңғы үлгіде жабдықталғанғимарат бөлмелері кең, жылы, жарық әрі жайлы. Білім беру мекемесінде 3 топ жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі Балдырған Келімбердиеваның айтуынша, балапандар бақшаға 2 жастан бастап қабылданады. 90орындықбалабақшаның 30 орнынажеңілдікқарастырылған. Көпбалалыжәнеазқамтылған отбасы балалары, жетім балаларға балабақша құрылтайшысы Жанат Бекенованың өзі демеушілік көрсетеді.

Бөбектерді тәрбиелеуге 7 педагог жауапты. Сондай-ақ 3 тәрбиешінің көмекшісі, медбике,  аспаз, аспаз көмекшісі және 2 техникалық қызметкер жұмыспен қамтылып отыр, — дейдібалабақшамеңгерушісі.

Мекеме басшылығы педагог мамандардың біліктілігін арттырып, еліміз бойынша озық балабақшалармен тығыз байланыста жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Бұл балабақшаның өзге ұйымдардан артықшылығы мұнда тәрбие процесінде жаңа инновациялық әдістер қолданылады. Балдырғандарға компьютерді тиімді пайдалану үйретіліп, дәстүрден тыс сурет салу әдістері мен робототехниканы енгізу жоспарланған.

Сабақ барысында үлкен топтағы балалар планшетпен жұмыс жасайды. Әр топтың бөлмелерінде теледидар бар. Сол арқылы әртүрлі инновациялық сабақтар өткізілетін болады. Әр бөлмедегі теледидар интернет жүйесіне қосылған. Бұл балаларға танымдық сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Ойыншықтар 5 дағды бойынша жасақталып, әр топта сюжеттік-рөлдік ойындар ойнатылады.

Балалардың ас мәзірі құнарлы. Мұндағы азық-түлік өнімдерінің барлығында халал сертификаты бар, — дейді Балдырған Байғалиқызы.

Қазір аудан орталығында 4 мемлекеттік, 3 жеке балабақша жұмыс жасайды. Аудан бойыншажалпы 1114 бала балабақшада тәрбиеленеді. 100-ден астам балапан кезегін күтіп жүр.

Бақытгүл ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button