Білім

Біздің үздіктер

Үздік мектеп

Біздің облыстағы 5 мектеп республикадағы үздік мектептердің қатарына енді. Бұл білім шаңырақтары — Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім-инновация» мектеп-лицейі, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі және Ақтөбе қаласындағы №51 және №9 гимназиялар.

Жақында өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ұйымдастырылған республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік мектептердің қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде ең басты білім бәйгесінде  оқушылары орын алған еліміздегі 128 үздікмектептіңқатарынабіздің өңірдің 5мектебі енді. Бұл — қуанышты жаңалық, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова.

Оның айтуынша, 2022-2023  оқу   жылындағы  жалпы  білім  беретін   пәндер   бойынша   9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне біздің облыстан 73 оқушы бақ сынаған. Оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша — 39, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 34 оқушы сынға қатысыпты. Облыскомандасыныңқұрамындадарындыжасөспірімдергеарналғанмамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, М.Құсайыноватындағыдарындыбалаларғаарналғанмамандандырылғанлицей-интернаты, Әйтекеби, Қобдааудандары, Ақтөбеқаласыныңмектептері («КемелБілім», «Сымбат», «125 AKTOBE»жекемектептері, №3, №8,№19, №25, №33,№56 мектептержәне №9, №11, №17, М.Құрманғалиеваатындағы№32 ортамектеп-гимназия, №51 гимназия, Д.Қонаеватындағыортамектеп, Әл-Фарабиатындағы №21мектеп-гимназия, А.Байтұрсынұлыатындағылингвистикалықмектеп-гимназия,  «Білім» мектеп-гимназиясы) болды.

Олимпиада  қорытындысы  негізінде   облыс   қоржыны   8 алтын, 9 күміс, 15 қола медальмен  және 5 мақтау қағазымен толықтырылды. 

Жүлдегерлердің басым бөлігі дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары болды. Сондай-ақ «Кемел Білім» жеке мектебі, №51 гимназия, №3 және Қонаев атындағы мектеп, №9, №11, №17, №21 орта мектеп-гимназиялардың балалары мен Қобда ауданының оқушысы жақсы нәтижие көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.

Г.КЕТЕБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button