Білім

Бастауыш сынып тегін тамақтанады

Қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріліп жатыр.

Оқушының дұрыс тамақтануы — оның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі.Себебі дұрыс әрі жақсы тамақтанатын оқушылардың денсаулығы мықты әрі сабақ үлгерімі жақсы, көңілкүйлері де жоғары болатыны анық. Ел Президентінің тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік мәртебесіне қарамастан,барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылды. Шалғай ауылдардағы шағын мектептердің оқушылары да мемлекет қамқорлығынан шет қалған жоқ, — дейді білім басқармасының бөлім басшысы Мира Нұрғалиева.

Оның айтуынша, ыстық тамақпен берілетін балалардың жалпы саны — 71 718 оқушы.Бұл мақсатта бюджеттен 2 565 622,8 мың  теңге  бөлініп отыр.

Бұлигііскебаласыбастауыштаоқып жатқанбарлықата-анақуанышты.

Мемлекет тарапынан жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алуы үшін барлық жағдай, қолдау, көмек көрсетіліп жатыр. Соның бірі — бастауыш сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуы. Менің алты балам бар. Олардың төртеуі мектептен тамақтанады. Балаларым үйге қуанып келеді.

Күн сайын балаларға құнары мол түрлі тамақ беріледі. Мектеп асханасы таза, тамақтары өте дәмді. Ас әзірлеуге жауапты мамандар тағамды пісіріп қана қоймай, сондай-ақ балалардың шашпай-төкпей, ысырап қылмай жеуін де қадағалайды. Мүмкіндікті пайдаланып, Мемлекет басшысына, атқарушы билік өкілдеріне ризашылығымды білдіремін, — дейді Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Қызылжар орта мектебінің ата-анасы Хурлиман Нұртұрғанова.

Ырғыз ауданынан хабарласқан 4 баланың анасы Бақытгүл Кешутаева да мемлекет қолдауына дән риза.

Айбибі,Ақүміт есімді қос қызым мектеп асханасынан тамақтанатынына қуанып жүр.

Ата-ана ретінде мектеп асханасына  барып, балаларға тамақ қалай беріліп жатқанын қадағалаған болатынмын. Мектеп асханасында барлық санитарлық-гигиеналық талаптар жоғары деңгейде сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы ереже және әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері ілініп, антисептиктер орнатылған. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы сабақаралық қоңырау кестесі арқылы әртүрлі уақытта ұйымдастырылыпты. Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақтылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы бәрі көрсетіліп,ілінген.Балалардың тамақтануынмектеп әкімшілігі, мұғалімдер, әлеуметтік педагог және мектеп мейірбекесінен құрылған комиссия мүшелеріүнемі бақылап, тексереді екен.

Ел Президентіне балаларға қуаныш сыйлағаны үшін ризашылығымды білдіремін, — дейді Бақытгүл Кешутаева.

Іңкәр АЛТАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button