Мәдениет

Жаңа маусым «Боранмен» ашылады

Театр

Т.Ахтанов атындағы драма театры жаңа маусымын өзі есімін иеленген жазушының 100 жылдық мерейтойына орай «Боран» драмасымен ашады.

Журналистерге бұл туралы облыстықдраматеатрдыңдиректоры, Қазақстанныңеңбексіңіргенқайраткері Сайлау Қамиев әңгімеледі.

Биыл жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толады. Жазушының туған топырағында және оның есімін иеленіп отырған театр болғандықтан, біз оның мұрасының ең бірінші жанашыры болуға тиіспіз. Сондықтан қазақ труппасы биылғы маусымды «Боран» драмасымен бастайды, — деді театр директоры.

Спектаклдің қоюшы режиссері — Елтай Кемал, ал премьерасы көрерменге өткен маусымда ұсынылған болатын.  Рольдерде Еламан Досжанов, Айымнұр Сәндібайқызы, Аслан Төлентай, Дана Ниязова, Шалқия Бақытжанова, Шынтас Омаров, Нұрсұлтан Айтқалиев, Мейрамбек Ерғалиев, т.б. актерлер ойнайды.

Жазушының 100 жылдығына орай басқа да шаралар жоспарланған. Мысалы, 24-27 қыркүйек аралығында Ақтөбеде «Ахтанов алаңы» театр форумы өткізілмек. Форум аясында кәсіби мамандар 6 бағыт бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді. Ал 29 қыркүйекте осы мерейтойға орай концерт-спектакль ұсынылмақ. Бұл шараларға Тахауи Ахтановтың ұрпақтары да қатысады деп күтіліп отыр. Театр жанынан Ахтановқа арналған музей бұрышын ашу да жоспарланған.

Сондай-ақ театр директоры қазақ труппасының биылғы маусымға қандай премьера әзірлеп жатқанына да тоқталды. Қазақтың тарихындағы аса қиын шақта елдікті сақтап қалу жолында айрықша көзге түскен, соңынан жұртты ерте білген екі ұлы хан бар: Әбілқайыр хан Қажысұлтанұлы және Абылай хан Уәлиұлы. Биыл Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толып отыр. Соған орай театр ұжымы «Әбілқайыр хан» қойылымын сахнаға шығармақ. Премьера 12-13 қазан күндеріне жоспарланған.

Бұл қазақ труппасының 33-маусымы болса, орыс труппасы 59-маусымын бастағалы отыр. Орыс труппасы жаңа маусымды «Моя жена — лгунья» комедиясымен (В.Ильин, В.Лукашов) бастайды. Қоюшы-режиссері — Жеңісбек Қалқабеков.

Сонымен, театрда кездескенше: «Боран» спектаклінің басталуы 12 қыркүйек, яғни бүгін сағат 18.30-ға жоспарланған. Билеттерді tiketon.kz сайтынан немесе кассадан ала аласыз.Орыс труппасының алғашқы қойылымы 17 қыркүйекке жоспарланған.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button