Пікір

Судың да сұрауы бар…

Ғарифулла МҰҚАШЕВ,

Бершүгір орта мектебінің

география пәнінің мұғалімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының айқын жолдары көрсетілген.

Жолдауда қазіргі таңда жасалуға тиіс көптеген маңызды істер аталып өтті. Елімізді агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін  дәнді дақылдардың жаңа сұрыптарын дайындауды тапсырды. Судың тапшылығы алдағы уақытта  күн тәртібінен түспейтін мәселе болатынын ескертіп, сондықтан  суды  үнемдеп пайдалану керектігін айтты.

Президент елдегі  туризм саласына мән берді. Дүние жүз ібойынша туризм саласынан артта қалғанымызды айтып, осы салаға барынша көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Туризмді дамытамыз десек, ең әуелі елдегі автомобиль жолдары мен қалалардағы әуежайларды талапқа сай жабдықтап,  бұл мәселелер жедел қарқынмен шешілу керектігін айтты.

Жолдауда адам құқығын қорғау саласында маңызды жұмыстар жасалып жатқаны, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақылары 2020 жылдан бері 2 есеге өскені айтылды. Бұл осы саланың мамандарына жасалған үлкен қолдау деп білеміз. Сондықтан ұстаздар қауымы әрқашанда балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді міндет санаймыз.

 Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button