Пікір

Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдау — уақыт талабы

Мұхтарита САҒЫНДЫҚОВА,

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Президентіміздің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінде еліміздегі өзгерістер мен жаңалықтарды айқындап айтып, сондай-ақ алдағы үш жылға негізделген қысқа мерізімді жоспарларға айрықша тоқталды.

Еңбек адамының мүддесін қорғайтын кәсіподақ қозғалысының өкілі ретінде Президент Жолдауының мына жолдарына айрықша назар аударғым келеді.

Мемлекет басшысы азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. «Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді»деп атап өтті ол.

Жолдауда 2030 жылға дейін қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды. Елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі  апаттарды ескерсек, қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдау — уақыт талабы. Қазіргі таңда еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік жарақаттану — кәсіподақтардың назарында. Сондықтан ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан 2023 жыл — Қауіпсіз еңбек жылы болып белгіленген. Ал бұл жоба кәсіподақтар көптен көтеріп жүрген  бастамалардың нақты жемісі деп ойлаймын.

Сонымен қатар Президент зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне тоқталды. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетіндігін айқындауы — үлкен қамқорлық деп білемін.

Біз Жолдауда белгіленген мақсат-міндеттерге ел Президентінің саясатының сабақтастығын қамтамасыз етіп, жүйелі реформалар жүргізе отырып қол жеткізе аламыз деп сенемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button