Пікір

Ең төменгі жалақы мөлшерінің артатыны қуантады

Гүлжан НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ,

Аманкөл ауылдық округі жастар кеңесінің мүшесі

Биылғы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында көптеген мәселелер қамтылды.

Әсіресе қоғамда айтылып, көпшіліктің көкейінде жүрген әлеуметтік мәселелер назарға алынып, халықтың талабы ескерілді. Соның ішінде азаматтардың табысын арттыру үшін келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін

көтеру туралы тапсырмасы көңіл қуантарлық. Бұл өз кезегінде төмен жалақы алатын азаматтардың табысын көбейтуге септігін тигізбек. Олай дейтініміз, қазір әсіресе ауылдық жерлерде табысы аз азаматтар көп, олардың әлеуметтік жағдайы дұрысталуы үшін еңбекақының көбеюі өте маңызды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту — Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті» деп, елді газбен қамтамасыз етудің өзектілігін назарға алуы да көпшіліктің көкейінен шығары сөзсіз. Мәселен, өткен жылы біздің округіміздің орталығы Құтикөл ауылына газ келді. Биыл Аманкөл ауылы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Енді алдағы жылдары Жарма елді мекеніне газ тартылса, халықтың көп мәселесі шешілер еді.

Қорыта айтқанда, біз, ауыл жастары, Мемлекет басшысының жаңа Жолдауынан кейін өзекті мәселелер шешімін тауып, халықтың тұрмыс жағдайы жақсаратынына сенеміз. Ең бастысы, Президент берген тапсырмалар уақтылы әрі сапалы орындалса екен!

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button