Пікір

Әділет жолы — адалдық

Абай ДҮЙСЕНБАЕВ,
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты бұл Жолдау үлкен тарихи маңызға ие. Жолдаудың негізгі мазмұны экономикалық, әлеуметтік, білім, тәрбие, ғылым, экология, демографиялық, өнеркәсіп т.б. мәселелерді шешу бағытын құрайды.
Президент дүние жүзіндегі ахуалды талдай келе: «Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек», – дейді.
Сонымен қатар, халықтың арасында проблемаға айналған атом электр станциясы туралы да айтылады. Ол туралы: «Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», – деді Президент. Демек, елдің проблемасы сын сағатында тұрғанда халықпен ақылдасып, «Жеті өлшеп, бір кес» демекші, елдің мүддесін жоғары қойып, шешу жолын ұсынуы шынай демократиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие деп білеміз.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде тараған және қоғамда үлкен резонанс тудырып отырған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық жайы үлкен проблемаға айналды. Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту қажеттігін, зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек екенін баса айтты. Сонымен қатар: «ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн»,- деді ол. Яғни, балалардың қаупсіздігін жалпы ұлттық деңгейде қолға алуды ұсынды.
Жолдаудағы білім саласына қажетті ең маңызды мәселе «сапалы білім» беру туралы, интернеттің жылдамдығы мен мұғалім кадрлардың біліктілігі де назарға алынды, яғни: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа» деді.
Қазіргі кезде әлемде өркениетті елдердің даму көрсеткіші ІТ саласындағы жетістіктерімен көш ілгеріліп бара жатқандығы да Жолдауда негізге алынды.
Президентіміз ұрпақ тәрбиесіне қажетті, маңызды ұлттық тәрбиеге мән беру керектігі туралы: «Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды» деп, елдің әрбір азаматының патриоттық сезімін нығайтып, адал болуын меңзейді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button