Спорт

Шағын футболдан жарыс басталды

 Ақтөбеде мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир басталды. Бұл жарыс Конституция күніне орайластырылып ұйымдастырылған.

«Ислам» ІІ лигасының аясындағы спорттық сайыстар 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұндағы басты мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау.

Шағын футбол турниріне биыл 12 команда қатысады. Ойындар қаладағы №16 орта мектептің алаңында өтеді. Облыстық дін істері басқармасының, яғни ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнирге қатысуға тілек білдірушілер аз болмайды екен.

Бастапқыда 12 команда екі топқа бөлінеді. Алғашқы қарсыластар жеребе арқылы анықталады. Әр топтан екі команда финалдық кезеңге шығады. Жартылай финалдың жеңімпаздары — І орын үшін, ал қалған екі команда ІІІ орын үшін таласады, — деді жарыстың бас төрешісі Нұрлан Бекенбаев.

Жеңімпаз команда мен жүлдегерлерге смартфон, смарт-сағаттар, басқа да бағалы сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша да марапатталатын болады.

 А.САРЫБАЙ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button