Қала

Жеделсатылар жаңартылып жатыр

Биыл Ақтөбеде 93 жеделсатыны ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай жаңа жеделсатының бірі қаламыздағы Әз Наурыз көшесіндегі 12-үйде жаңартылды.

Қала әкімдігі ескі жеделсатыларды жаңалау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр. Биыл республикалық бюджеттен 93 жеделсатыны ауыстыру үшін 751,1 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда оның 58-і жаңартылды.

Қыркүйек айының соңына дейін 10 жеделсаты ауыстырылса, қараша айының соңына дейін 25 жеделсаты орнатылады. Сондай-ақ нормативтік пайдалану мерзімі асып кеткен жеделсатылар бойынша басқару нысандарының төрағалары аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, жыл сайынғы техникалық куәландыруды жүргізеді. Соның негізінде 145 жеделсатыны ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеделсатылар тұрғындардың рұқсатымен ғана жаңартылады. Қазіргі таңда 108 үйдің тұрғындарымен жиналыс өткізілді, — дейді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Нұржан Нағыметов.

Әз Наурыз көшесіндегі 12-үйдің тұрғыны Әнуар Жиеналина жеделсатының жаңартылғанына дән риза.

Мен 1987 жылдан бері осы пәтерде тұрамын. Жеделсаты жиі бұзылып, әбігерге түсетін едік. Осы жолы 7 жыл мерзімге несие рәсімдеп, жеделсатыларымызды жаңарттық.  Енді ай сайын 4 мың теңгеден төлейміз, — дейді қала тұрғыны.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button