Спорт

Ақтөбеде каратэ-киокушинкай-каннан ҚР чемпионаты өтуде

Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. 

«Ақтөбе облысы өзінің спорттық тарихымен, дәстүрлерімен, әлемге әйгілі спортшыларымен мақтанады. Отандық спорттың негізін қалаған және негізін қалыптастырған ардагерлерден бастап біздің спортшыларымыздың жарқын жетістіктері елдің халықаралық аренадағы имиджін арттыруға ықпал етті. Құрметті спортшылар, сіздерге сәттілік пен жеңісін тілеймін», – деді өңір басшысы.

Ералы Тоғжанов жиналғандарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, Ақтөбе облысының спорт саласындағы жетістіктеріне қысқаша тоқталды.

Жыл басынан бері өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілді, тағы 11 спорт кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. 2024 жылы 10 спорт нысанының құрылысы жалғасады.

Каратэ киокушинкай-кан ұлттық федерациясының президенті Омархан Өксікбаев та құттықтау сөз сөйледі.

ҚР чемпионаты еліміздің 14 өңірінен келген спортшылардың басын қосты. Республикадағы ең мықты спортшы атағына 410 каратэші таласты.

Айта кетейік, біздің облыста 130 спорт секциясында 5 000-ға жуық бала каратэмен айналысады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button