Әлеумет

Саяхатшының сапары

69 жастағы белгілі марафоншы Жұмабай Отарғалиев Ақтөбеге келіп жетті. Триатлон саябағында жиналған спорт жанкүйерлері марафоншыны көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.

Ақтөбе облысының тумасы, жерлесіміз велоспортшы Жұмабай ОтарҒалиев бұл марафонды қазақ халқының әлемге танылған ұлы перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы қарсаңында арнайы ұйымдастырған.

Сапар алдында моральды тұрғыдан дайындаНдым. Жолда қиындық боларын сездім. Алайда достарымның арқасында жол қиындығын еңсердім. Велосипед те бұзылып, аяқ шаршап, жүруге мұрша болмаған шақта көлікпен қамтамасыз еткен достарыма айтар алғысым шексіз. Жолға жаз  басталғалы дайындалдым. Жуырда өскемендік блогер маған жаңа велосипед сыйлады. Онымен жүру өте жылдам әрі қауіпсіз. Жолда ауа райының қолайсыздығы да әсер етпей қоймады. Ең бастысы, осы марафон арқылы Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, ішкі туризмді насихаттау жоспарымда бар,— дейді велоспортшы.

Марафоншының сапары 21 маусымда басталған. Велоспортшы еліміздің Астана, Алматы, Талдықорған және басқа да өңірлерін жүріп өткен.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button