Денсаулық

Бауырды сақтау үшін…

Вирусты «А» гепатиті — бауырдың кең таралған жұқпалы түрі. Ол тұрмыстық жанасу және залалды су немесе тағам арқылы, негізінен, науқас адамнан жұғады.

Аталған аурудың ерекшелігі — қоршаған ортаға төзімді. Вирус бөлме температурасында бірнеше апта, кейде ай сақталады.

Вирусты «А»  гепатитінің қоздырғышы адам организміне тамақ, су, күнделікті пайдаланылатын заттар, ойыншықтар арқылы түседі, үйдің антисанитарлық жағдайы, жеке бас гигиенасын сақтамау аурудың таралуына жол береді.

Осы жылдың өткен 7 айы ішінде Ақтөбе қаласы бойынша вирусты гепатиттің «А» түрімен 14 адам науқастанған. Оның 5-еуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді.

Инфекцияның алдын алудың ең тиімді тәсілі — «А» гепатитіне қарсы вакцина алу. Аурудың алдын алу үшін 2 жастағы баланы «А» гепатитіне қарсы жоспарлы егуден қалдырмаған жөн. Сондай-ақ  қайнатылған және бөтелкедегі суды қолдану керек, жеміс-жидектерді жемес бұрын жуу қажет. Ең бастысы, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтап, үй ішінде тазалық шараларын жиі жасаған дұрыс. Оның ішінде күнделікті ылғалды жинау жұмыстары (буфетте, асханаларда, сынып бөлмелерінде) мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде жиі өткізілуге тиіс.

Жалғасбай ҚАРАТАЕВ,

Ақтөбе қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button