Тарих

Бұйымдар сыры

 Облыстық тарихи-өлкетану музейінде коллекциялар шеруі аясында жасақталған «Бұйымдар сыры» атты тұрмыстық-этнографиялық көрме өткізіліп жатыр.

Көрме мақсаты — көпшілікке музей қорындағы бұйымдарды таныстыру.

Аталған көрмеге қамыстан тоқылған жеміс-жидек теруге арналған қамыстан тоқылған шелек, шиден тоқылған ыдыс-аяқтар, майшайқағыш құрылғы, ағаш астау, үстел және орындықтар, ет және бас тартуға арналған табақтар, асқабақтан жасалған ожау мен қымызға арналған ағаш ыдыстар қойылды.

Көрмені тамыз айының соңына дейін тамашалауға болады.

 Сағымбек  ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button