Қала

«Таза қала — таза жағалау»

Ақтөбеде «Таза қала — таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Оған «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері мен ардагерлері, жас депутаттар қатысып, Қарғалы өзенінің жағалауын тазалады.

Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған экологиялық акцияға 100-ден астам ерікті қатысты.

Жаңа маусым басталғалы 1930-ға жуық жас еңбекпен қамтылған. Жұмыс жылдағыдай үш бағытта (құрылыс, абаттандыру және көгалдандыру) жүргізіліп жатыр. Олар 120-150 мың теңге көлемінде айлық жалақы алады. Осы жолы ұйымдастырылған экологиялық акцияға екі тиегіш техникасы көмекке келді, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды, — дейді облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшесі Әмір Өмірзақ — осы қатысқан жастардың жастардың бірі.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағына келгеніме бір айға жуықтады. Осы уақыт аралығында еңбекқор жастармен таныстым. Облыс аумағындағы жағажайларды қоқыстан арылтып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Барша қала тұрғындарын экологиялық акцияға қатысып, тазалыққа немқұрайды қарамауға шақырамын, — дейді ол.

Экологиялық акцияға еңбек жасағының ардагері Жанболат Тұртаев та қатысып, қала жастарын белсенді болуға шақырды.

— Мен 2003 жылдан бері қоғамдық жұмыстарға қатысып жүрмін. «Атамекен» студенттер отрядының жастар қоғамдық бірлестігін ашып, 2009 жылы «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» акциясына да үлесімді қостым. Есепте тұрған жастармен де жұмыс жасадық. Жастарды белсенділік танытып, қала тазалығына бейжай қарамауға шақырамын, — дейді ол.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button