Денсаулық

Табиғи өнім — денсаулық кепілі

Айсәуле ОРАЛБАЕВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  бөлім басшысы:

— Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын әр адам, ең алдымен, табиғи өнімдерді пайдалануға тырысады.

Табиғи өнімдердің (немесе оларды органикалық өнімдер деп те атайды) қатарына ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ орман, ара, балық өнімдері жатады. Ең басты талап — олар пестицид, ауыр металдар, гормондар, түрлі ветеринарлық препараттар, басқа да синтетикалық қоспалардан таза болуы және гендік тұрғыдан түрлендірілмеген, яғни ГМО-сыз болуы керек.

Денсаулық қамы, ұрпақ қамы әр адамды толғандыратыны сөзсіз. Осы тұрғыда ең қажет қадам — күнделікті ас мәзіріне көңіл бөлу. Мысалы, әсіресе қалаларда үлкен де, кіші де фаст-фудқа үйір. Ал оның құрамында пайдалы компоненттер өте аз, бұл витамин жетіспеушілігі қаупін күшейтеді. Фаст-фудты көп жеген жағдайда, семіздік қаупі де артады, өйткені оның құрамында көмірсулар көп.Сонымен қатар фаст-фудқа дәм, иіс күшейтуге арналған қоспалар көп қосылады, өз кезегінде бұл аллергиялық дерттерді асқындырады. Сондықтан тұтынушы өз таңдауын табиғи өнімдерге, денсаулықтың пайдасына бұруы керек. Ал елімізде органикалық өнімдер өндірісін дамытудың қадамдары жүзеге асырылып та жатыр, яғни таңдау бар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button