АуылЖастар

Қолдау мен марапат

Ойыл ауданында 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай «Жаңа Қазақстанның болашағы — жастар» атты форум өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болған шара Орталық саябақта «Ауыл аманаты» жобасының жас қатысушыларының өнімдері мен жас кәсіпкерлердің бұйымдары қойылған  көрмемен басталды. «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қарлығаш Зейноллаева, Мейрамбек Бисенқұлов, Ринат Шілманов, Айсұлтан Имұханов, Гүлзат Үйелбаева, Айшолпан Тапашева, Нұргүл Сәлімгереева, Гүлжан Сқақова, Әсима Шамаева, Ақнұр Ғазизовалар марапатталды.

Аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин  бір топ жасты Алғыс хатпен марапаттаса, AMANAT партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Молдашқали Қазмұханов «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әнуар Искариннің Алғыс хатын Әли Еркінов, Амангүл Бисенбина, Інжу Досбаева және  Жеңіс Зиноллин секілді жас мамандарға табыстады.

Ауданда әрдайым жастардың бастамаларына қолдау көрсетіледі. Осы қолдауды сезінген жас буын қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене атсалысып, өздерінің алған білімі мен тәжірибелерін іс жүзінде көрсетіп жатыр. Форум аясында бұған куә болдық. Ауданда жастар күнін атап өту арқылы олардың осындай белсенділігін арттыруды көздедік, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғарина.

Форумда  сөз алған жастар мемлекеттен көрсетілетін көмек пен қолдауды сезініп отырғандарын айтып, қатарластарын қаладан ауылға келіп жұмыс істеуге шақырды. Жастарға арналған форумның соңы концерттік бағдарламамен, спорттық шаралармен жалғасты.

С.ЖҰБАНҒАЗИН

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button