ХАБАРЛАМАСЫ

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі — Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты 9 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 11-25 тамыз аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электронды және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжатқа қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 26 тамызға дейін дүйсенбі-жұма күндері 9.00-18.00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Анар Нұрлыбекқызы Даржанова — Ақтөбе қалалық мәслихаттың хатшысы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50-үй.
Жауапты адам —Анар Ернұрқызы Алиханова, №57 кабинет, телефон нөмірі: 8(7132) 41-64-07
Электронды пошта мекенжайы: maslihataktobe@mail.ru
Ақтөбе қаласының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәліметтер
| № р/н | Сайлау комиссия-сының нөмірі | Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Учаскелік сайлау комиссиялары – 9 | |||
| 1. | №6 | Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі, 124,
«№2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия» |
1 |
| 2. | №10 | Ақтөбе қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 12, «Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебі» | 1 |
| 3. | №14 | Ақтөбе қаласы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 6,
«№13 орта мектебі» |
1 |
| 4. | №54 | Ақтөбе қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 13,
«Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейі» |
2 |
| 5. | №95 | Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин тұрғын үй алабы, Мичурин көшесі, 31,
«Благодар орта мектебі» |
1 |
| 6. | №98 | Ақтөбе қаласы, Белогорка тұрғын үй алабы,
Жауқазын көшесі, 11, «Белогор негізгі мектебі» |
2 |
| 7. | №565 | Ақтөбе қаласы, А.Гришин көшесі, 7,
«Ақтөбе автожол колледжі» |
1 |



