Басты жаңалықтарӘлеумет

AMANAT партиясының бастауыш ұйымдары есеп беруде

 

Облысымызда AMANAT партиясының 183 бастауыш партия ұйымы бар. Бүгінге дейін 102 бастауыш ұйымның жиналысы өтті. Басты мақсат атқарылған жұмысты талқылап, алдағы кезеңге міндеттер белгілеу және партияның қалалық филиалының конференциясына делегаттар сайлау.

Осындай жиын бүгін «Казхром» бастауыш партия ұйымында өтті. Оған қалалық мәслихат депутаты Амантай Үмбетай, бастауыш ұйым төрағасы Ержан Абдулабеков, төрағаның орынбасары Аманжол Үмбетов және бастауыш ұйым мүшелері қатысты.

«Казхром» 3554 партия мүшесінің басын біріктіріп отырған ірі бастауыш ұйым. Бұл зауытта жұмыс істейтін жұмысшылардың 84,4 пайызы.

Зауыттағы аманаттықтар партияның Сайлауалды бағдарламасы бойынша қаланы көркейтуге атсалысып келеді. Атап айтқанда кәсіпорын қызметкерлері балалар мен спорт алаңдарын жаңғыртуға, үй маңындағы аумақтарды абаттандыруға, футбол алаңын, автотұрақ орнатуға мұрындық болды. Бұдан басқа «Қазхром» компаниясы Жеңіс даңғылындағы аллеяны қайта құруға 90 миллион теңге бөлді.

Компанияда «Жастар Рухы» жастар қанатының бөлімшесі бар. 2008 жылдан бастап зауыттағы ерікті жастардың және жас мамандарының жастар қоғамдық бірлестігі – жастар кеңесі құрылды. Зауыт жастары «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған спорттық және қайырымдылық шараларға белсенді қатысады. Мәселен мұқтаж жандарға қолдау көрсету бойынша бірнеше рет «Жақсылық жәрмеңкесі» акциясы ұйымдастырылды. Мұнда 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар 47,7 пайызды құрайды.

Зауытқа жастарды көбірек тарту жұмыстары жүргізіледі. Биыл еліміздегі 15 оқу орнының 266 студенті кәсіпорыннан тәжірибе жинап, практикадан өткен. Олар кейін тұрақты жұмысқа алынады.

Зауыттағы партия мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауында үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысты. Сенімді өкілдер ауыл-аймаққа, түрлі кәсіпорындарға барып, партия жеңісіне үлес қосты.

Айта кету керек, бастауыш ұйым қорытындысы бойынша партияның Ақтөбе қалалық филиалының кезекті ХХХІХ есеп-беру сайлау конференциясына 3 делегат сайланды.

М.Бектұрсынова

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button