Денсаулық

Қызылшаға қарсы екпе алыңыз!

Маман кеңесі

Ақтөбе қаласында қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр.

Олай дейтініміз, биылғы жылдың 16 ақпан-17 шілдесі аралығында Ақтөбе қаласы тұрғындарының арасында қызылша ауруына күдікті 78 жағдай тіркелді. Зертханалық жолмен расталғаны 48 болса, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы көрсеткіш

— 38.

Зертханалық жолмен расталған 48 жағдайдың 14-і — сырттан әкелінген және 20 жағдай науқаспен қатынаста болғандар арасында тіркеліп отыр.

Айта кету керек, тіркелген қызылша ауруының басым көпшілігі — қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Осы орайда біз облыс тұрғындарына мынаны ескертеміз: қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді қорғану әдісі — вакцинация.

Қызылшаның алдын алу мақсатында ата-аналарға ұсынатынымыз:

— өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру. Вакцинация болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаларда қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;

— егер бала әртүрлі себептерге байланысты вакцинацияланбаған болса, оларды адамдар көп жиналатын жерлерде болуын шектеу (түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, сауда, ойын-сауық орталықтарында және т.б. ойын алаңдарына баруды шектеу);

— аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, яғни дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпенің пайда болуы кезінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек!

Вакцинациядан бас тартпаңыз! Тек уақтылы жасалған вакцинация инфекциядан қорғайды!

Балаларыңыз бен жақын адамдарыңыздың денсаулығына қамқор болыңыз!

 Нұрбақыт ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button