Тарих

Облыстық мемлекеттік архив: кешеден — бүгінге

Архив адамзат тарихын сақтаушы маңызды институттардың бірі. Архив ісі адамзаттың бірнеше мың жылғы тарихындағы қоғамдық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.Архив біздің ажырамас бөлігіміз, оның өткенді зерделеудегі, тарихи тәжірибелер алудағы және болашаққа бағдар жасауға қолданудағы орны мен маңыздылығының баға жетпес екендігі даусыз.

Ақтөбе облысында архив ісі 1923 жылдың 15 қыркүйегінен губерниялық архив бюросының құрылуынан бастау алады. Архивтік құжаттарға сәйкес 1917 жылға дейін Ақтөбе Торғай облысының уездік қаласы болып,уезд аумағында архивтік мекемелер болмаған, архивтер мекемелердің, кәсіпорындардың және жеке адамдардың меншігінде ұсталған. Құжаттық материалдардың есебі және олардың сақталуы бақыланбаған.

1921 жылы Торғай облысы 3 губернияға бөлінді:   Ақтөбе, Қостанай және Орынбор. Осылайша, Ақтөбе қаласы губерниялық қала аталды.

Ақтөбе губерниялық атқару комитеті Президиумының 1923 жылғы12 шілдедегі отырысында архивтік бюро ұйымдастыру жөніндегі шешім қабылданды, губерниялық архивтің меңгерушісі тағайындалады.Архив штаты меңгерушіден және архивариустан құралды. Губерниялық архив бюросының алғашқы меңгерушісі Семен Зибаров, алғашқы архивариус Александр Федулов болды.

Алғашқы қорлардың бірі болып Ақтөбе губерниялық халық шаруашылығы Кеңесінің 1919-1921 жылдардағы, Ақтөбе экономика бөлімінің 1921 жылғы, Ақтөбе өндірістік бөлімінің 1921-1922 жылдардағы және Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) өндірістік бюросының өндірістік бөлімі бойынша өкілінің 1922-1923 жылдардағы деректі құжаттары қабылданған. Деректі құжаттар реттелмеген күйде есепсіз қабылданған, 1924 жылы архив бюросының меңгерушісі болып Петр Кузнецов тағайындалған соң ғана құжаттарды тізімдеме бойынша қабылдау басталған.

1927 жылы архивтің қалыптасуының ұйымдастыру кезеңі аяқталды. Губархивтің бұл кезеңдегі қызметі революцияға дейінгі архивтік құжаттарды анықтау, шоғырландыру және ретке келтіруден тұрды.

1928-1935 жылдары орын алған әкімшілік-аумақтық өзгерістер архив органдарының ұйымдастырушылық құрылымдарына түзетулер енгізді.

1928 жылдың қаңтар айынан округтік әкімшілік-аумақтық бөлінімнің енгізілуіне байланысты штаттық саны,қызмет ауқымы мен функциясы көлемінде өзгеріссіз, Ақтөбе губерниялық архив бюросы Ақтөбе округтік архив бюросы болып қайта құрылды.

1930 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе округтік архив бюросы таратылды, ал архивте сақталған деректі материалдарды Қазақ АКСР-ның Орталық архив басқармасына жолдау топшыланды. Алайда таратылған мекемелерден архивтік құжаттарды қабылдау округтік архив бюросына архивтік құжаттарды Орталық архив басқармасына уақтылы жіберуге мүмкіндік бермеді, кейін құжаттарды жіберуді орындау тоқтатылды. Бұл құнды құжаттардың жасақталған жерінде сақталуын қамтамасыз етті. Ақтөбе округтік архив бюросы базасында Ақтөбе қалалық архив бюросы құрылды.

1932 жылғы 10 желтоқсанда төменгі кеңестік аппараттардың, кеңшарлардың, ұжымшарлардың және МТС-ның деректі құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық архивтерді ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Ақтөбе облыстық жұмысшылар, шаруалар және қызыләскерлер депутаттарының Кеңесінің атқару комитетінің Президиумының 1934 жылғы 22 тамыздағы, 1935 жылғы 3 наурыздағы, 1938 жылғы 14 тамыздағы қаулыларына сәйкес 10 аудандық архив ұйымдастырылды: Ақтөбе облысының Темір, Шалқар, Жұрын, Қобда, Қарабұтақ, Родников, Мәртөк, Ключевой, Степной, Ойыл аудандарында, Ақтөбе қаласында қалалық архив ұйымдастыру жоспарланды.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві іс жүзінде аудандық архивтердің жұмыстарына басшылық жасау және бақылау қызметін атқарды.

Архивтік бюроның алғашқы құрылған жылдары деректі құжаттар аз деңгейде, тек анықтамалық мақсаттарда қолданылды.

1936 жылы облыстық мемлекеттік архивінің штатына ғылыми және аға ғылыми қызметкерлер лауызымы енгізілді, олар облыстық архивтің қала мен аудандық мекемелерден қабылданатын құжаттарды реттеуде елеулі көмек көрсетті.Аудандық архивтердің негізі 1938 жылдан кейін қалыптасуларына байланысты мемлекеттік архив аудандық мемархивтердің құжаттарын сақтауға лажсыздан қабылдады.

1936 жылға дейін Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві партия ұйымдарының құжаттарын жинақтап, сақтады. 1936 жылы партия ұйымдарының барлық құжаттары жаңадан ұйымдастырылған Қазақстан Коммунистік партиясының Ақтөбе облыстық комитетінің партия архивіне тапсырылды.

Ұлы Отан соғысының басталуымен Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің басым бағытыдеректі құжаттарды фашист басқыншыларынан Отанды қорғау мақсатында жан-жақты пайдалану және майданға жан-жақты көмектесу болып белгіленді.Облыс архивінің қызметкерлері тек өз аппараттарында емес, олар қосалқы шаруашылықтарға, ұжымшарларға егін жинау жұмыстарына жұмысқа шықты, сонымен қатар қамқорлыққа алынған госпитальда да жұмыс жасады.

Архив қызметінің алдына қойылған басқа маңызды міндет болып эвакуацияланған архивтерді орналастыру және сақтау болып табылды.

1944 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында облыстық архив қызметкерлерінің иығына архивтерді тұрғылықты сақтау жерлеріне  қайта эвакуациялау жүгі артылды. 20-дан аса архивтік мекеме құжаттарымен бірге бұрынғы тұрақты жерлеріне қайтарылды.

Облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жағдайында жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізді және республикада бірінші орынға ие болды.  1943 жылдың ақпан айында Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіне ауыспалы Қазақ КСР-сы ІІХК-ның Қызыл Туы тапсырылды.

Облыстық мемлекеттік архивінің штаты біртіндеп өсуде болды. Егер 1923-1926 жылдары мемархивте 2 бірлік болса, 1933 жылы — 5, 1940-1943 жылдары —10 (мемархив — 6, архив бөлімі — 4). 1942 жылдың қыркүйек айында облмемархивке аяқталған жоғары архивті біліммен ғылыми қызметкер қабылданды. Бұл құнды архивтік құжаттарды білім беру, мәдениет және ғылыми мақсаттарда пайдаланып ғылыми-зерттеу жұмыстарын өркендетуге мүмкіндіктер берді.

1943 жылдың 1 қаңтарына аудандық архивтер Ақтөбе облысының барлық 14 ауданында  ұйымдастырылды. Аудандық архивтердің құрылуы істердің мемлекеттік сақтауға қабылдануынарттырды.

Құжаттарды қабылдаудың көбеюіжәне сақтауға арналған ғимарат бөлмелерінің аздығына байланысты Ақтөбе облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті мен Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының облыстық комитетінің 1944 жылғы 10 шілдедегі бірлескен қаулысымен облыстық мемлекеттік архивке құжаттарды сақтауға неғұрлым жарақты және аумағы жөнінен үлкен ғимарат бөлінді. Бұрын бұл ғимаратта қалалық Пионерлер үйі орналасқан еді.

1947 жылы Ішкі Істер Халық Комиссарларының  атауы КСРО және Қазақ КСР ІІМ-і болып өзгеруіне байланысты Ақтөбе облыстық ІІХК-ның Басқармасының архив бөлімшесі Ақтөбе облыстық ІІБ-ның архив бөлімі болып өзгертілді.

1947 жылдың 12 қыркүйегінен 1952 жылдың 15 тамызы аралығында облмемархивтің директоры болып Михаил Кольва қызмет атқарды. Оның басшылық жасаған уақытында зерттеушілік жұмыстары қарқынды жүргізілді, жеке тектік қорлар құру үшін құжаттар жинақталынды. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында тарыдан жоғары өнім жинаған, Ойыл ауданы Құрман ұжымшарының топ жетекшісі, тарышы Шығанақ Берсиевтің жеке қорын ашу және құжаттар жинақтау үшін Ойыл ауданына ғылыми-іздеу экспедициясы ұйымдастырылды. «Ақтөбеліктер-Кеңес Одағының Батырлары» жеке тектік құжаттар жинақтамасы жасақталды, «Шығанақ Берсиев»құжаттар топтамасы жасақталып, жарыққа шығарылды, Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қорларына жолсілтердайындалды.

1950 жылдың 1 қаңтарына облыстық мемлекеттік архив сақтауында 84 903 сақтау бірлігін біріктірген 1 108 қор есепте болды.

1956 жылы республиканың мемлекеттік архивтері деректі құжаттарды пайдалануға, оның ішінде оқу залының жұмысына үлкен назар аудара бастады.Оқу залында құжаттармен жұмыс жасайтын ізденушілердің санын арттыру мақсатында, облыстық мемлекеттік архив бұқаралық ақпарат құралдары мен радио арқылы архивтің маңыздылығы және оқу залының ғылыми-іздеу жұмыстарын жүргізудегі рөлі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсаттар үшін 1956 жылы облыстық мемлекеттік архивте алғаш рет көлемі 22 шаршы метр болатын, бір мезгілде 4 ізденуші пайдаланатынжеке оқу залы жасақталды.

1960 жылдың 1 қаңтарына облыстық мемлекеттік архивте 130 549 сақтау бірлігін құрайтын 1 333 қор сақтаулы болған.

1960-1980 жылдары облыстық мемлекеттік архивінің негізгі қызметі кеңес кезеңіндегі деректі материалдармен архивті толықтыру және оларды бағалау сараптамалау; архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жасақтау және жетілдіру; методикалық басшылық және мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың ведомстволықархивтеріне бақылау; архив құжаттарынан жинақ дайындау, жарияланымдар мен мақалалар, архивтің оқу залында пайдалану үшін құжаттар беру, көрмелер, лекциялар және баяндамалар ұйымдастыру, сонымен қатар архивтік анықтамалар архивтік құжаттардың көшірмесін және архивтік үзінділер беру болды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы қаулысының және Батыс Қазақстан өлкелік Архив басқармасының 1963 жылғы 17 маусымдағы №37 бұйрығының негіздерінде Ключевой, Мәртөк, Новоресей, Қобда, Темір, Қарабұтақ және Шалқар аудандарының мемлекеттік архивтері таратылды. Таратылған Байғанин, Шалқар, Жұрын, Ырғыз және Темір аудандарыныңмемлекеттік архивтері базасында Батыс Қазақстан өлкелік мемлекеттік архивінің Шалқар филиалы құрылды.

Таратылған Мәртөк, Ключевой, Қобда, Новоресей, Степной, Қарабұтақ аудандарының мемлекеттік архивтерінің құжаттары Батыс Қазақстан өлкелік мемлекеттік архивіне өткізілді.

1963 жылы Ақтөбе қаласы Лачугин көшесі, 2-үйде облыстық мемлекеттік архив үшін жобалық күші 240 мың сақтау бірлігімен көлемі 571,0 шаршы метр жаңа үлгідегі ғимарат салынды.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің директоры болып өлкелік мемлекеттік архивтің бұрынғы бастығы Альбина Васильева тағайындалды. 1965 жылдың 27 сәуірінен бастап мемлекеттік архивтің директоры болып Мерует  Ахметова тағайындалып, аталған лауазымда 1968 жылдың 20 наурызына дейін жұмыс жасады.

1975-1995 жылдар аралығында облыстық мемлекеттік архивінің директоры болып Жұмабике Рахметова қызмет атқарды. Оныңбасшы және маман ретінде бірінші ретте біліктілігі,өз ісіне жан-жақты және шығармашылық тұрғыда қарауы, жеке- дара шешім қабылдауы,саралау қабілеті, өзінің және ұжымның қызметінде басты шараларды белгілеуі, архив қызметінің дамуында жаңа үрдістерді пайдалана білуі назар аударады.

Журнал және газет беттерінде архивтік құжаттардың негізінде даярланған ондаған мақала жарияланды.Орталық мемлекеттік архивпен шығарылатын құжаттар жинағына материалдарды анықтау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілді, 1991 жылы Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қорларының құрамы мен мазмұны туралы жолсілтердайындалды және шығарылды.

1987 жылы облыстық мемлекеттік архивінің ұжымы жетістіктері үшін Қазақ КСР Бас Архивінің Құрмет Грамотасымен марапатталды, Республикалық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша облыстық мемлекеттік архив республика бойынша 3-орынды иеленді.1988 жылы социалистік жарыстың қорытындысы бойынша облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерінің ұжымы жеңімпаз танылып республика бойынша 1-орынды және еліміздің архив мекемелерінің Бүкілодақтық социалистік жарысының 2-орынды иеленді.

Ақтөбе облысының архив қорының сақталуына қосқан жеке үлесі және архив ісінің дамуында қол жеткізген жетістіктері үшін Жұмабике Рахметоваға «Архив ісінің үздігі» атағы берілді.

1985 және 1987 жылдар аралығында облыстың архив қызметінің мекемелер жүйесі ведомствоаралық шаруашылық есептегі жеке құрам бойынша архивтердің ашылулары есебінен ұлғайды.

Ақтөбе қаласында штаттық бірлігі 5 адам шаруашылық есептегі жеке құрам бойынша қалалық архив ұйымдастырылды.Алға аудандық мемлекеттік архиві ұйымдастырылды.

Кейінірек аудандық шаруашылық есептегі жеке құрам бойынша архивтер Новоресей, Мәртөк, Ленин, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Ырғыз, Байғанин және Әйтеке би аудандарында құрылды.

Жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты облыстық мемлекеттік архивінің директоры болып бұрын облыстық архив және құжаттама басқармасының бастығы лауазымын атқарғанНұқы Қартбаев тағайындалды.

Ақтөбе облысы әкімінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен «Ақтөбе облыстық архив және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі жаңадан ұйымдастырылды. Басқарма басшысы болып Ислам Медеубаев тағайындалды.

1999 жылдың 8 желтоқсанынан облыстық мемлекеттік архивінің директоры лауазымына Қалила Мирманова тағайындалды, ол бұл лауазымда 2010 жылдың шілде айына дейін қызмет атқарды.

2010-2016 жылдары облыстық мемлекеттік архивінің жұмысына Нұржамал Құлбаева басшылық жасады.

2016 жылдың 15 тамызында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры қызметіне Марат Төлебай тағайындалды.

Осы кезеңде архивтің материалдық-техникалық базаны нығайтуға және облыстық және аудандық архив қызметкерлерінің жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдай жасауға, мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.Архив ісін дамыту және жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу жолымен және Қазақстан тарихы бойынша архив қорларын жаңа құжаттармен толықтыру мақсатында шетелдік архивтермен байланыс орнатылды.

Қазіргі кезеңдеоблыстық мемлекеттік архивтің басым бағытыҚазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының сақталуын қамтамасыз ету, ережелержәне нормативтерге сәйкес құжаттардың қабылдануы мен есепке алынуын, мемлекеттік органдармен, мекемелермен және ұйымдармен ұйымдастыру-методикалық жұмыстарды, құндылықтарды сараптау, құжаттарды реттеу және оларды ғылыми, мәдени және білім беру мақсатында пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 711 523 сақтау бірлігін қамтыған 1 626 қор сақталуда.

Ұлттық архив қорын толықтырушыларды 539 ұйым мен мекеме құрайды, оларға тұрақты негізде іс жүргізу және архив сақтау сұрақтары бойынша ғылыми-әдістемелікжәне тәжірибелік көмек көрсетіледі.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві баспасөз және теледидар ұйымдарымен тығыз байланысып, белсенді түрде әртүрлі тақырыптағы архивтік материалдарды газет және журнал, баспа беттерінде жариялап, архивтік құжаттарды телебағдарламаларда көпшілікке насихаттауды жүргізді.

Архивте сақтаудағы құрамы бойынша саналуан құжаттардың жиынтығы Қазақстан тарихын зерттеуші отандық және шетелдік зерттеушілердің назарын аударады.Жыл сайын орта есеппен 250 зерттеуші, олардың ішінде Ресей, Украина, Германия, Франция, Жапония, Италия, Австралия және басқа жақын және алыс шетел зерттеушілері оқу залында жұмыс жасайды.

Архивтің қызметінің маңызды бағыттарының бірі— жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындау. Орта есеппен жылына тақырыптық, шежірелік және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 6 000 сұраныс орындалады.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 2017 жылы мамыр айында Ақтөбе қаласында өткен «Ресей мен Қазақстан ғылымдарының ортақ тарихты зерттеудегі өзара әрекеттесудің болашақтары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

Қазақстан Республикасында архив ісін цифрландыру жағдайында жетілдіруге бағытталған «Архив-2025» кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуы шеңберінде, 2019 жылы Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві тарапынан Орынбор облыстық мемлекеттік архивіне, Ұлттық Архив қорын Қазақстан тарихы бойынша отандық және шетелдік архивтер құжаттарымен толықтыруға және оларды ғылыми айналымға енгізуге, сонымен қатар шетелдік архивтермен, музейлермен, кітапханалармен және ғылыми мекемелермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған ғылыми-іздеу экспедициясы ұйымдастырылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 2020 жылдың қарашасынан бері құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Архив қорына цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл архивтік құжаттардың электронды көшірмелерін жасақтауға, алдағы мерзімде құжаттардың ұзақ мерзімді және қауіпсіз сақтауға, архивтік құжаттармен нәтижелі жұмыс жасауға және жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қоғамның өмірінде архивтің орны ерекше. Мәдени және тарихи мұралардың ақпараттық ресурстарын сақтай отырып, олар тарихтың деректі ескерткіштеріне жол ашады, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына көмектеседі, сонымен қатар өткенді ғылыми тануды қамтамасыз етеді.Архив көздері мен түрлері сан алуан. Архившілердің басты мақсаты — өткеннің деректі мұраларын сақтау, адамдарға өте сирек құжаттармен танысуға мүмкіндік беру.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві өзінің құрылған күнінен бастап, тек  Қазақстанның мәдени және тарихи мұраларының ақпараттық ресурстарының үлкен қоймасы ғана емес, республиканың мемлекеттік архивтерінің арасынан алдыңғы қатардан орын алды.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұжымы 100 жылдық мерейтойды игілікті істермен қарсы алуда, алда да мемлекеттің даму тарихын, оның мәдениетін, әлеуметтік және рухани құндылықтарын бейнелейтін зияткерлік ресурстар қоймасы, білім орталығы болып қала беруді міндеттейді.

Н.ӘБЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button