Білім

Беріктің бағы жанды

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында бокстан қазақтың атын шығарған әйгілі Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир болып өтті. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберінің жүлдесі үшін болған турнирге ақтөбелік боксшылар да қатысқан болатын. Олардың арасында № 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Берік Әбдірахманов та бақ сынаған болатын. Бұл сында Беріктің қарсыластары осал болмады. Төрт кездесуде бір спорт шебері мен үш спорт шеберлігіне кандидатты жеңген жерлесіміз ақтық сында Азия чемпионы және Әлем чемпионатына қатысқан семейлік Егізековты соққының астына алды. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Берікке берді.

– Облыстың бокс бапкерлері Берік Әбдірахмановтан көп үміт күтуде, – дейді спорт мектебінің директоры Болат Телеуов. – Оның болашағы зор. Бұл жерде Беріктің бапкері Руслан Оңалбековтің еңбегін айта кету керек. Бізде келешегі бар басқа да жастарымыз жетерлік. Мәселен, мамыр айында Қызылорда қаласында өтетін ІІ Қазақстанның жастар ойынына қатысатын ақтөбеліктердің ішінде Николай Задорожный, Анатолий Щевченко сынды шәкірттеріміз де шеберліктерін шыңдай түсуде.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button