Тарих

Ұлт зиялыларын жою үшін, дінге қысастық жасалды

Қуғын-сүргін

Елдің болашағы алдыменоның мәдениетінің игіліктеріне, ұлттыңрухани құндылықтарына тәуелді. Бұлар түгелдей сақталып, өзінің қызметін атқара алған елдің адамықай жағынан да мықты болады.

Адамы күшті елдің қоғамы да күшті болған. Қоғамның күштілігі халықтың өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт беріп, мемлекет азаматы ретінде қалыптасуына көмектесуінен көрінеді. Адамының білімі терең, мәдениеті күшті болса, қоғамға қажет нәрселердің барлығын да жасауға болатынын тарихта талай ойшылайтып кеткен.

Мәдениеттің рухани тұғыры — ұлттың діні мен ділі. Мәдениет ұлттық негіздегі рухани тұғырынан айырылса, ұрпақты тәрбиелеудің өзі қиынға соғады. Сондықтан қазақ мәдениетінің барлық кезеңінде қоғам мен адам болмысының рухани тереңдігіне, жекелеген адамдардың іс-әрекетінің нәтижесіне көңіл бөлу үлкен үрдіске айналып отырғанын ескеру қажет.

Дүниені тану мен ұғынудан шығатын тұлғалық деңгейді рухани кемелдік дейміз. Қазақтың дүние болмысын зерделеу мен ақиқатты ұғынуында дін ілімі мен діни тұлғалардың даналығы ерекше көзге түседі.Қазақ халқының әлеуметтік танымында «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады» деген, басқа да осымағынадағы сөздер жиі айтылып отырған. Бұдан да ел мәдениетінің адамды қоғам игілігіне қызмет етуге бағыттағанын түсінеміз.

Тарихтағы қазақ тұлғаларының ұстанымын мұқият зерттеген қызылдар билігі ұлттың дінін әлсіретіп, қоғамның бағытын өзгерту үшін түрлі тәсілдерді қолданды. 1924-1925 жылдардың өзіндеқазақ қоғамындағы мешіттердің қызметін қыспаққа алу үшін,арнайы салық төлеуге мәжбүрлейтін жаңа ережелер шыға бастаған. Діни ғимараттарды (мешіттер мен шіркеулерді)«діни қоғам»түрінде тіркеу талап етілді. Құлшылық етуге де қатысты қосымша арнайы ережеқабылданған. Архивтегі құжаттардан кеңес үкіметіменкелісімшартқа отыру, оған арнайы салық төлеу, құлшылық етуде ережеге бағыну сындыталаптар қойылғанын көруге болады. Қабылданған жарғы барлық дінге бірдей болған. Бұл ережеде жергілікті халықтың мәдениетімен тығыз байланысты дәстүрлі діннің мәртебесі жөнінде мәселе қаралған жоқ. Керісінше, қызылдар билігі шығарған қаулылардың талабын орындағандардың барлығына(қазақ қоғамына сырттан еніп жатқан діни секталарға дейін) бірдей жұмыс жасауғатең мүмкіндік берілді.

Мәселен,1927 жылы 9 сәуірде Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімі сырттанкіріп жатқан баптистердің діни қоғамын бекітуге қатысты Қарағанды болыстық атқару комитетіне арнайы хат жолдаған. Бұнда баптистердіңқұжаттарының қалай рәсімделетіні, соның ішінде діни бірлестік мүшелеріөткізген отырыстың хаттамасында «қолымызға қару алып қызыл армияға қызмет етуге дайынбыз» деп жазылуы керектігі айтылған.

1926 жылғытағы да губерниялық әкімшілік бөлімінің берген мәліметінде губерниядағы сектанттардың қозғалысы жөніндеайтылған. Тіркелгендіни секталардың саны, құрамындағы адамдар саны қысқаша былай баяндалған: «Губ.адм.отдел сообщает нижеследующие сведения о движении сектантов по губернии по данным на 1-е июля с/г.Зарегистрирован о религиозных сектанских обществ:

Баптистких:

1) гор. Актюбинск с 1 числа членов 33 ч.

2) в п. Высаки, Ак-Булакск. вол. П Джурун 76 ч.

3) п. Ильинский, Джурн вол. 52 ч.

4) п. Мартук 75 ч.

5) п. Таврический, Аккемирск. вол. 30 ч.

6) п. Акбулак 30 ч.

Малаканских:

1) п. Акбулак с числом членов 115 ч.

2) п. Высокий, Акбулакск. вол. 26 ч.

3) п. Джурун – Ащесай 71 ч.

Старообрядцы безпоповцы:

1)п Самарский, Акбулакской вол. с числом членов 67 ч.».

Құжатта бұлардан басқа жасырын ұйымдар, атап айтқанда «Хлыстов» ұйымы болғаны, оның көзін жоюға шара алынғаны айтылған. 1923 жылмен салыстырғанда, сектанттар саны тек баптистер арасында, шамамен, 10 пайызға өскені де хабарланған.Жергілікті халықтыәлсірету үшін, кеңес билігітүрлі діни секталардың көбеюіне білдірмей қолдау көрсетіп отырғанын ескеру керек.

1926 жылы жоғарыдан аудандарға (болыстық атқару комитеттеріне) жолданған хаттардың бірінде былай делінген: «По имеющимся в губ.адм.отделе сведениям в Тустюбинской волости имеется 18 мечетей, каковые в своем большинстве разрушаются. Между тем некоторые из мечетей находятся в пользовании религиозных обшеств без всякого договора. Поэтому Актюбинский губернский административный отдел с получением сего просит принять все зависящие  от вас меры к немедленному заключению договоров на пользование мечетями с теми религиозноми обшествами, которые уже в настоящее время совершают в них свой обряды. При чем договор нужно состовлять в трех экземплярах на  каждую мечеть в отдельности, последний должен быть подписан не менее 20  членами религиозного общества и каждый экземпляр договора должен быть оплочен за счет членов религиозного общества по 1 р. 65 к… После заключения договора немедленно же требовать от религиозных обшеств его выполнения, в смысле ремонта зданий мечети, и.т.д.

О тех мечетях которые не находятся в пользований религиозных обшеств, сделайте обявление по волости о сдаче таковых… Все же мечети которые не будут сданы по договорам, могут быть ВИК-ом использованы под школы, и.т.д.».Бұдан нені байқауғаболады? Ислам діні— ұлттың төл мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналған дін. Қазақтар оны «ата дініміз» дейді. Дінді қоғам ішіндегі қоғам, бірлестік ретінде қайта құрудың арнайысаяси мақсатта жасалғаны әуелден-ақ белгілі еді. Большевиктер үшін дінді саясиландырудағы мақсат —оның ықпалын шектеп, сол арқылы қоғамды әлсірету ғана болған. Қазақтың ертеңі, руханияты оларды ойландырған жоқ, бар көздегендері қоғамдық құрылысты өзгертіп, елді шикізат көзі ретінде ұстау болды. Ал патша заманында,(ол кезде де отарлау саясатының жүргізілгене қарамастан),қазақ ауылындағы мешітдің жанындағы медреседе білім алатын баланыңелдің тарихын, басқа да құндылықтарын біліп шығуына діни тұлғалар қатты көңіл бөлген. Кеңес билігі құрылған тұста ел ішіндегі медреселердің қызметінтоқтатудыңосы үшін де қолға алынғанын ескерген дұрыс.

1925-26 жылдары Ақтөбе губерниясының әкімшілік бөлімі тарапынан Торғай, Темір, Шалқар, Ырғыз уездерінің милицияларына діни тұлғалардың білім берудегі қызметін біржола шектеу жөнінде құпия түрде хаттар жолданған. Соның ішінде«гербсалығын» төлемей отырған мешіттерді халықтан тартып алуға, үйде бала оқытып жатқан имамдарға тиісті шара қолдануға арнайы тапсырмалар берілген. «Өте құпия»деп жазылған осы хаттарда имамдармен қатар, білім алып жатқан балалардың да есімдері айтылған. Мәселен, Темір уезінің Ембі болысында Құрман Дартаевтың үйінде имам Гайлмановтың, осы Ембі қаласының №7 ауылында ишан Алдияр Абасовтың,№3 ауылда Қапан Иманғалиннің, Ырғыз болысының Қызылжар ауылында Лепес Өтепбаевтың қолдауымен молда Баймағанбет Жукуновтың, Шалқар уезінің Шолақжиде болысының №1 Балапан ауылында молда ҚуанышбайАмырановтың, сонымен қатар осы уездің Қарашоқат ауылында Нәби Қуанышбаевтың, Ақтөбе уезінің Қарақобда болысының №3 ауылында ХайруллаҚосмұхамедовтың үйде бала оқытып жатқаны жазылған. Кеңес үкіметінің талабын тыңдамай, халыққа білім беруін жалғастырып жатқан басқа дадіни адамдарғажедел түрде қатаң шара қолданып,оның есебін жіберу сұралған. (Ишандардың бала оқыту қызметін шектеуге қатысты берілген тапсырмалар облыстық мемлекеттік мұрағаттың 4-қорында сақтаулы.)

1924 жылдан кейін медреселерде жаратылыстану бағытындағы ғылыми пәндер мен батырлар жырын, билердің рухани мұрасын оқытуға біржола тыйым салынды. Сол кездегі қазақтың діни тұлғаларының көбішешен, өлең шығаратын ақын да болған. Балаларға үйрететін батырлар жырын жатқабілген. Ішінде халық арасындағы ауызша деректерді жинаған адамдар дакөп кездеседі.Мәселен,Торғай уезінің 2-ші ауданының мұхтасибі Файзулла ишанға қатыстыоблыстық мұрағатта мынадай дерек кездесті. Губерниялық әкімшілік бөлімі Файзулла ишан жөнінде былай деп жазған: «В губ.адм.отдел поступило заявление от мухтасиба 2-го района Тургайского уезда Ишанова Файзуллы, в котором он просит разрешения на открытие Богословских курсов по подготовке мусульмански служителей культа.  С получением сего предлогается разяснив указанному Мухтасибу, а так-же в дальнейшем разяснять всем лицам каковые будут обращаться к Вам по этому вопросу, что Богословские курсы допускаются только в больших городах не меньше губернского, поэтому никаких богословских курсов как в самом Тургае, а так-же в волостях допущено быть не может…».Бұл хат Торғайдыңәкімшілік басшысына жолданған.

Кеңес билігінің ұлттың дәстүрлі діні мен дәстүрлі емес діни ағымдардың, секталардың мәртебесін тең қылуы,әрине,ақылға сымайтын нәрсе еді. Әр адамның мешітке келіп құлшылық ету үшін үкіметке салық төлеуі дін түгіл, дәстүрге де қайшы еді. Мұрағат қорындағы жергілікті халықтың діни құндылықтарын шектеуге қатысты деректерден кеңес үкіметінің ауыл молдалары мен тұрғындардан ақшаны ашық талап еткеніде көрінеді.Мысалы, құжаттардың бірінде: «Нач. Тургайской милиции.Актюб. губ.админ. отдел при сем препровождает утвержденные уставы религиозных обшесть №1 аула и №4 аула  Каракугинской волости, №1-2-3 аула Каратургайской волости и №1 аула Тусунской волости каковые вручить по принадлежности. Кроме того предложить указанным обшествам немедленно выслать в адм.отдел денег по 11-ти руб.; 1 руб. 06 коп. каждому. Причем в дальнейшем при приеме материалов для отсылка в ГАО и одновременно взыскивать причитаюшиеся за регистрацию таковых сборы»деп жазылған.

Қызылдар елдің рухани мәдениетімен қатар, әлеуметтік жағдайын да жақсы білді. Бірақ халықтың қолында ақшаның жоқтығын біле тұра, салық төлеугеміндеттеген. 1924 жылы Ақтөбе губкомитетінің Торғай мен Шалқар өңірінің экономикалық және саяси ахуалына қатысты жүргізген құпия зерттеулеріне сүйенсек, сол кездегі өңір халқының әлеуметтік саяси портреті былайша сипатталған: «Тургайский уезд вообще страдал и страдает безденижьем, промышленности нет, рынка сбыта нет, не только в уезде, но и поблизости, для характера приведу прошлую налоговую компанию, которая отразилась на населений очень значительно, денег у населения не было, налог взимался в денежной форме и население, благодоря отдалености соседних рынков 400-500 верст, вынуждено было выбрасывать скот на местной Тургайской рынок, чтоб обменять его на деньги для уплату налога, продавая или вернее отдавая скот даром.

Коровы доходили до 5-7 руб., лошады 10-12 руб., а бараны до 2-х рублей, от чегои, безусловно, скотоводчское хозяйство сильно пострадало».

Осындай заңсыз әрекеттердің неге алып келетінін кеңес билігіндегілер жақсы білді. Бірақ халықтың қолындағысын тартып алып, оның тыныс-тіршілігіне қысым жасауды тоқтатқан жоқ. Керісінше, саяси қуғын-сүргін шаралары жылма-жыл ұлғайтылып отырған. Мешіттерді қайта тіркеу үшін талап етілген салықты халықтың басым бөлігі төлей алмады. Көбі бұны әдепсіз ереже ретінде қабылдады. Большевиктер медреселердің есігін бекітіп тастағанымен, қазақ балаларын үйде оқытқан.

Ұлттың рухани дүниелері мен тұлғаларды қуғындаудың түбі қарсылыққа алып келетінін кеңес билігіндегілер жақсы білген. Кеңес билігі құрылған тұста-ақ бұған қарсы дайындық шараларының жасырын түрде басталып кеткенін де ескеру қажет. Бұған дәлел ретінде Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімінің сол кездегібюджетіне қатысты деректерді айтуымызға болады. Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімінің бірғана 1927-28 жылға арналған бюджетіне жаңа қару түрлерін алу, сонымен қатар штат бойынша әскери құрамның 50 пайызын жаңа қарумен қамтамасыз ету енгізілген. «Актюбинский Губернский Административный Отдел при сем представляет сведения требуемые циркуляром ЦАУ КССР от 14/ІІІ. с/г за №77 о потребном количестве Дрогунских винтовок, а также сведения об имеющимся вооружении на 1-е октября сего года.

Сведения о потребном количестве винтовок состовлены согласно штатов утвержденных и принятих по бюджету 1927/28 бюджетн. год.

В виду того, что 27/28 б/году  имеется возможность приобрести оружие нового образца на 50% потребного количества, ГАО просит возбудить ходатайство об отпуске выше указанного количества винтовок в текущем операционном году» делінген құжатта. Архивте жазалаушы отрядтарды қарумен қамтамасыз етуге байланысты бұдан басқа да деректеркездеседі.

1927 жылы кеңес үкіметінің түрлі қысымына, содан туындап отырған қиыншылыққа қарамастан, жер-жерлерде қазақтың діни тұлғалары кеңестер өткізген. Бұдан олардың өз мақсаты үшін соңына дейін күресуге күш салғанын байқауға болады. 1927 жылы 25 қазанда Ақтөбе ОГПУ басшысының Ақтөбе әкімшілік бөлім басшысына жолдаған хатынан Сары ишанның баласы ӘбдіғаниҚожахметовтісырттай бақылауға тапсырма берілгенін байқауға болады. Хатта:«По имеющимся сведениям 23 июля с/года в гор. Иргизе Челкарского уезда прохдил 3-й съезд. мухтасибата с повесткой дня следуюших вопросов:

1) Отчет мухтасибата Сатубалдина и выборы мухтасиба и 2-х мушавиров,

2) Изыскание средств на содержание мухтасибата и 3)текущие дела. Выбранным мухтасибом оказался Абдула Галий Хужахмедов и мушавирами Турегильдин Калиутдин и Назмутдинов Ахмедий, каковые по мнению Губотдела ОГПУ  являются инициаторами в созыве съезда на, что надо полагать не имеется никаких разрешений, а поэтому сообщая о выше изложенном, Губотдел ОГПУ просит принять соответствующие меры и о результатах сообщит в ГО» деп жазылған.

ОГПУ-дың назарына іліккен кісілердің барлығы өте сауатты,зиялы адамдар еді. Осы хаттарда Сатыбалдиннің есімі жиі аталады. Біздіңше, ол Міржақып Дулатовтың жиені Файзулла ишан сияқты. Сол кезде Торғай өңіріндегі діни тұлғалар Ырғыз өңіріне келіп кеңестер өткізген. 1930 жылы осы өңірдегі көтерілістерді басқарған тұлғалар кезінде Алаш Орда жасақтарын басқарған діни тұлғалар еді. Әбдіғани Қожахметұлы сол кездегі қазақтың өзге діни тұлғалары секілді,шетте жүріп, ірі оқу орындарында білім алған,зерек, өте сауатты адам еді. Бұл кісінің өзі Ырғыз ауданының Ыскөл деген жерінде мешіт ұстап, медреседе сабақ берген. Арғы аталары хандар заманында елге қызмет еткен. Әкесі Сары ишанның өзі Ырғыз, Қарабұтақ өңірлерінде ағартушылықпен айналысқан, әулие кісі болған. 1926 жылы Ыскөлдегі мешіт қасақана жабылып, әкесі Сары ишанменбірге баласы Әбдіғанида қудаланған. 1929 жылы кеңес үкіметінің астық дайындау жоспарын орындамады деген жаламен,бұлардың мал-мүлкі де тәркіленген. 1930 жылғы Ырғыз көтерілісінеқатысқан. 1931 жылы аштықтың кезіндеӘбдіғани ұстаз Ырғыз, Торғай, Шалқар өңірінен Қарақалпақстанға қарай босқан халықпен бірге әкесі Қожахметті (Сары ишан) жіберіп, өзі 1934 жылға дейін Шалқар ауданының ауылдарының бірінде жүрген. 1933 жылы аштықтан аман қалған адамдарға бас болып, елге оралған әкесі Сары ишанмен бірге Қарабұтаққа келеді. Әкесі 1934 жылы осы жерде қайтыс болған. Әбіғани 1937 жылы ұсталып, сталиндік репрессияның құрбаны болды.

Қарапайым халыққана емес, діни тұлғаларымызда тарихи жерлерге құрметпен қарағанын білуіміз керек. Батыр, би, діни тұлға болсын, оның тағылымы осы атамекенде қалып, білімі халықтың жадында жүреді. Осындай жақсы қасиеттерден күш алған ортаны, жерді қазақ киелі деп таныған. Себебі тұлғалыққа ие болған адам жайдан жай ел алдына шықпайды. «Киелі жерде адамның жасаған ісі еш кетпейді, келер уақытқа игілік болып оралып отырады» деген түсінік бар қазақтың тағылымында. Ал патша отаршылары мен большевиктер халық киелі санаған жерлерден киені қашыру үшін небір сұмдықтынәрселерді жасаған. 1930жылдарда мешіттерге қасақана мал қамату, қоймаға айналдыру, оны жасаған адамдар қатерге ұшыраған соң,бұзып тастау сынды әрекеттер, бейіттердің тастарын құрылысқа пайдалану,бала болса да, сол кезді көзбен көрген қарияларымыздың қинала еске алатын оқиғалары еді.

Жердің киесі, діни сауаттылық, осыдан шығатын рухани тереңдік жөнінде алаш зиялылары да көп жазған. «Ғұмыр ісі амал, әдіс атқарушыдан күтеді. Шариғат жолымен қазақ рәсімін тапсыруға амал, әдіс іздеу керек» деп Әлихан Бөкейханов тегіннен-тегін айтпаса керек. Тарихта атамекенге, оны қорғаған батырға, халыққа ұстаздық еткен зиялыларға деген құрмет өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие екені анық. Мәдениетіндегі дін мен ұлттық құндылықтардың байланысын білген адам жаратылыс ақиқатын да терең түсінеді. Себебі діни тұлғаның кемеңгерлігі мен ұлттың өмір сүрудегі тәжірибелері үйлескенде ғана білім қоғамның игілігіне айналған.

Шәкәрім ақын жазғандай:

«Ғылымсыз адам — айуан,

Не қылсаң да, ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл.

 

Ақылға еркін ой керек,

Матаудан ойды азат қыл.

Әдеттеніп ертерек,

Өрісін кеңейт жылма-жыл».

Шынында, большевиктердің дін мен халыққа ұстаз болған адамдардың қызметін шектеп, соңынан оларды біржола жойып жіберуі қоғамдық ойдың өрісін матаумен тең болған.

Алаш тұлғаларының ізгілігі бір уақытпен шектеліп қалмайды. Оларқоғамға сол заманда байқала қоймаса да, келер уақыттың өрісінде орын алуы мүмкін мәселелердікүні бұрын топшылап, көрегендікпен айтып кеткен.

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,

философия ғылымдарының кандидаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button