Мереке

Шығармашылық шыңдалуыма мүмкіндік берді

Тойған ІЗІМ,

Қазақ КСР еңбек сіңірген әртисі, профессор:

Мен Хромтау ауданының Мамыт ауылында туып-өскенмін. Бишілік өнер жолын Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында бастадым, 1976-1982 жылдары «Армандастар» жастар эстрадалық ансамблі құрамында бұрынғы Целиноград қаласында қызмет еттім. Астана қаласының сол кезден бергі жасампаз тарихы менің көз алдымда жазылып жатыр.

Арман қалада қызмет ету — мен үшін үлкен мәртебе. Жолдасыммен бірге үлкен сахналарда өнер көрсетіп, талай айтулы іс-шаралардың басы-қасында болдық. Мықты деген хореографтармен жұмыс жасап, бірнеше би бағдарламаларын әзірлеп, сахнаға шығардық.

Бүгінде жасым жетпістен асса да, Астанада магистранттар мен докторанттарға дәріс беріп келемін. Қазақ ұлттық ғылыми зертханасын ашып, басшылық жасап отырмын.

Менің балаларым да, немерелерім де Астанада тұрады. Астана — жастықтың, жаңа істердің қаласы. Астана — болашақтың, бірлік пен татулықтың қаласы. Бұл қала менің шығармашылық шыңдалуыма мүмкіндік берді. Мұнда өзіне сенімді, өз ісінің үздіктері ғана келеді.

Астана күні — астаналықтар, жалпы қазақстандықтар үшін — маңызы зор мереке. Бұл күнді болашақтың, бірліктің, татулықтың мерекесі деп есептеймін. Ел тұрғындарын Астана күнімен құттықтаймын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button