Мәдениет

Күмбірледі күміс күй

Қарғалы ауданында «Күмбірлеген күміс күй» атты күйшілер облыстық байқауы өтті. Байқауға облысымыздың Ойыл, Қобда, Мұғалжар, Алға, Қарғалы аудандарынан іріктелген өнерпаздар қатысты.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен байқауға Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің артисі, күйші Өтебай Темір, аудандық өнер мектебі директорының орынбасары, домбыра класының ұстазы, күйші Жомарт Баймұхан және аудандық Мәдениет үйінің директоры Нұрсұлтан Бекмұратов қазылық етті.

Екі кезеңнен тұратын байқау қорытындысында Қарғалы ауданы тұрғыны Арыстанбек Аманқосов бас жүлдегер атанды. 1-орынды — ақтөбелік күйші Ернақ Жалғасов, 2-орынды — темірлік Әлихан Бақтыбай, 3-орынды алғалық Бекзат Әбдіхалық  иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығына диплом мен қаржылай сертификат табысталды.

Мен Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде оқимын. Көптеген облыстық, республикалық күйшілер байқауларына қатысып, жүлдегер атандым. Осы байқауда Сүгірдің «Шалқыма», «Ақсақ құлан» күйлерін орындадым.  Алдағы уақытта отбасымның, өнер жанашырларының сенімін ақтап, халықаралық байқауларда ел мерейін асқақтатқым келеді, — дейді байқау жеңімпазы Арыстанбек Аманқосов.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданының құрметті азаматы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button