Мереке

Мемлекеттік қызметте 4000-нан астам маман еңбек етіп жүр

Мемлекеттік қызмет — халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрған жауапкершілігі мол міндет. Ал мемлекеттік қызметшілердің миссиясы — халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өткен жылы Ұлықтау рәсімінде «Мемлекеттік қызметшілер өз жұмысын ел мен халықтың шынайы мүдде-мұқтажына бағдарлайды» деп нақты айтқан еді.

Мемлекеттік қызметші білімді, білікті, заман талабына сай талаптарға жауап беретін, биязы мінезді, әдепті маман болуы қажет. Кәсібилік пен әдептілік мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілер алдына келген адамның мәселесіне жете мән беріп, шешіп беруге ұмтылуға тиіс. Олардың халыққа қызмет етудегі басты ұстанымдары — қарапайымдылық, әділдік пен адалдық болуы керек.

Бүгінде біздің облысымызда 4000-нан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істеп жүр. Олардың 59,4 пайызы әйелдер болса, 40,6 пайызы — ер адамдар. 38,8 пайызы — 30-39 жас, 23,1 пайызы — 40-49 жастағы азаматтар. Қалғаны — 23-29 және 50 жастан жоғары азаматтар.

Өңірдің мемлекеттік органдарында еңбек етіп жүрген қызметшілердің 18-і — Мемлекеттік басқару академиясының, 4-еуі — «Болашақ» бағдарламасыныңтүлегі.

Біздің мемлекеттік қызметшілеріміздің арасында қиналғанға қол ұшын беріп, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұратын мейірімді,  үлкен жүрек иелері  де бар.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!

Айбол ҚОЗБАҒАРОВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button