Мереке

Қадірлі мемлекеттік қызмет ардагерлері, құрметті әріптестер!

Сіздерді 23 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастырудамыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруда сіздердің қосатын үлестеріңіз орасан зор.

Мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен кәсіпқойлығына сенім артқан азаматтарға қызмет етуден құрметті мамандық жоқ. Халық бізден адамгершілікті, патриоттық сезімді, заңдылықты бұлжытпай сақтауды күтеді.

Өркениеттің өріне қадам бастаған әрбір мемлекеттің ең басты тірегі — оның идеясы мен саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметшісі.

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу — мәртебелі міндет.

Дана халқымызда «Билігі мықты елдің тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті — Отаны мен халқына адал қызмет ету. Бұл елі үшін еңбек етіп жүрген әр қызметшінің жадында болуы керек.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Талант МЕДЕТ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша

департаментінің басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button