Мереке

Көпбалалы әкім

Ауылдың таза болуыалдымен сол жердің тұрғындарына байланысты. Дегенмен бұл тұрғыда ауыл әкімінің де атқаратын рөлі орасан зор. Ойыл ауданында көшесі көрікті, баласы көлікті Сарбие деген ауыл бар. Бұл ауылдың тұрғындары өздерінің әкімнен жолы болғандарын айтады.

Дәурен Бисебаев 2020 жылдан бастап Сарбие ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Істің ретін білетін азамат алғаш тағайындалған күнінен бастап көп  мәселенің шешімін тапты.

Бұрын қараусыз жайылатын табынға екі бағытқа күту ұйымдастырып, мал бағуға бақташы шығарды. Ауылдың да ажарын естен шығарған емес.

Сарбиенің айналасында ағып жатқан су, не бұлақ жоқ. Сондықтан ұңғыма құдық қаздырып, оның басына астау қойды. Құны 450 мың теңге тұратын су сорғыш қондырғы апарды. Сол жерді күтіп ұстауды малшыларға тапсырды.

Ауыл әкімінің мойнына жүктелер жұмыс көп. Ең ақыры әр үйдің айналасы шашылып жатса да таяқтың бір ұшы әкімге тиеді. Дәурен Қаржауұлы бұл мәселенің де шешімін тапқан. Қазір ауыл көшелері тап-таза. Ауылдың төрт көшесіне асфальт төселген. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Ауыл ішінде жаяу жүргіншілер жолы салынды. Қазір мұнда қаладағыдай үлкен баннерлер ілініп тұрады. Шағын наубайхана, дәріхана, шиномонтаж, көлік жөндеу, шаштараз, тігін цехы — бәрі бар. Осы жұмыстардың барлығын жеті баланың әкесі Дәурен Бисебаев 2 жылдан астам уақыттың ішінде тындырды. Іс бастаймын дегендерді қолдап, жолын көрсетті.

Уақытының көп бөлігі жұмыста өтетін Дәурен отбасына да ерекше көңіл бөлуге тырысады. Айтуынша, ер балаға әкенің тәрбиесі ауадай қажет. Жұбайы Гүлсамал екеуінің тұңғышы — Исламбек Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Төрт ұлы — мектеп жасында, ал екі қызы балабақшаға барады.

Шаңырақ шаттығымен қатар, ауыл-елдің бірлігін ойлаған ауыл әкімінің қызметіне табыс, ісіне береке тілейміз!

Елімізде түйткілді мәселенің шешімін тез таба білетін Дәурен Қаржауұлы секілді азаматтар көп болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button