Мәдениет

«Жас қанаттың» жеңімпазы — ақтөбелік әнші

Бәрекелді!

«Жас Қанат —2023» республикалық байқауының гран-при жүлдесін 17 жастағы ақтөбелік Нарқыз Жанұзақова жеңіп алды.

Алматы қаласында өткен байқауға еліміздің әр облыс, қалаларынан 20 үміткер қатысқан. Ақтөбе қаласының №78 гимназиясының түлегі Нарқыз іріктеуден өтіп, финалға шыққан 7 әншінің арасында көш бастаған. Жерлес әнші бұл байқауға жақсы дайындалғанын айтады.

Байқаудың шарты бойынша жанды дауыста орындаған бірнеше әнді бейнематериал форматында жіберу керек болды.Барлығы 40 сұрақтан тұратын анкета толтырдым. Алғашқы турда «Қорқыт-қобыз» әнін орындап, 110 балл алдым. Екінші айналымда оркестрдің сүйемелдеуімен шет тілінде «Clown» деген әнді айтып, 110 балл жинадым. Бірақ 3-турда қазылар алқасы мүшелері балды есептемей қойды. Сонда да финалға шыққан қатысушылар арасында менің рейтингім жоғары болды. Сөйтіп, байқаудың «Алтын қанаты» бұйырды. Үміт пен күдік араласып, бастапқыда сенімсіз болғаным рас. Бірақ тыңғылықты дайындығымның арқасында жеңімпаз атандым. Ендігі мақсатым — өнерде бұданда жоғары сатыға өрлей беру, — дейді «Жас Қанат — 2023» байқауының лауреаты.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Нарқыз Жанұзақова биыл музыка драма факультетінің 1-курсын бітірді.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button