Мәдениет

Мемлекеттік қызметшілер «Ревизорға» келді

Қойылым

Жуырда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Н.Гогольдің классикаға айналған «Ревизор» спектаклі арнайы мемлекеттік қызметшілер үшін қайта сахналанды. Қоғамдағы түрлі келеңсіздікті әжуалайтын қойылым аншлагпен өтті.

— Бұл әлеуметтік-саяси комедияны театрдың қазақ труппасы алғаш рет 2018 жылдың ақпан айында сахналаған болатын. Спектакльдің қоюшы режиссері —Жұлдызбек Жұманбай. Осы бес жыл аралығында «Ревизор» көрермен сұранысына ие, негізгі қойылымдардың біріне айналды. Тоқсан сайын көрермен назарына ұсынып тұрамыз, — дейді театр директорының орынбасары Жандос Еспанбетов.

Мұхтар Әуезов аударған шығармада шағын қалада ревизоркүткен шенеуніктер жаңылысып басқа адамды тексеруші деп қабылдап, асты-үстіне түсіп, қым-қиғаш әрекеттер жасайды.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада қоғамда парақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде талап бар. Соған сәйкес түрлі нысаналы топтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бекітілген. Соның аясында  мәдениет басқармасымен бірлесіп, адам бойындағы көзбояушылық, жағымпаздық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді анық көрсететін «Ревизор» қойылымын мемлекеттік қызметте жүрген әріптестерге ұсынуды жөн санадық. Бұл жерде көрермен қатарында әртүрлі сала бойынша департамент, басқарма басшыларымен қатар, қаладағы емханалардың бас дәрігерлері де бар, — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері Мақсат Әбекенов.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button