Мереке

Жас суретшілер сыйы

Тұңғыш Президент атындағы саябақтағы сахна артындағы алаңда «Менің Қазақстаным — Менің Рәміздерім» атты суретшілер байқауы өтті.
Мемлекеттік рәміздер күнінде Орталық алаңда ұзындығы 50 метрлік, ені үш метрлік кенеп мата бетінде байқауға қатысушылар тақырыпқа сәйкес шығармаларын бейнеледі.
Мұнда қаламыздағы көркемсурет лицейі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, Оқушылар сарайындағы бейнелеу өнері, көркемсурет үйірмелеріне қатысып жүрген жас суретшілер өнерлерін сынға салды. Қылқаламды енді серік етіп жүргендер негізінен ашық аспанды, шуағын шашқан Күнді, қалықтап ұшқан қыран құсты, көк Туды, тұлпарды, домбыраны, Қазақстанның дарқан даласын, жайлауды, ою-өрнектерін салыпты. Жеңімпаздарды Тұңғыш Президент атындағы саябақтың сахнасында өткен «Патриотизм дауысы» атты мерекелік концертте облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова марапаттады.
Мұнда қалалық көркемсурет лицейінің оқушысы Мария Алиманованың салған суреті ерекше болып, бірінші орынға лайық деп танылды. Ал балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Алтын Серікбай мен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Полина Седова екінші орынға ие болды. Үшінші орынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Софья Сосина мен балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Ақнұр Алдиярова иеленді. «Ең жас суретші» номинациясымен балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Амина Лұқпанова марапатталды. «Ерекше шығармашылық идея» номинациясына «Ақжелкен» аула клубының мүшесі Анель Мұқтар мен қалалық көркемсурет лицейінің оқушысы Кристина Львова ие болды. Ал балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері Аяулым Сағынаева мен Альмира Амандықова «Көрермен көзайымы» атанды. Қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button