Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов «Қазақойл Ақтөбе» кәсіпорнының басшылық құрамымен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында «Qazaq oil» Ақтөбе» ЖШС-нің қызметі және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында міндеттемелерін орындау мәселелері талқыланды.

«Qazaq oil» Ақтөбе» экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалана отырып, көмірсутек шикізатын өндірумен айналысатын өңірдің мұнай өндіру секторындағы ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорында 563 адам жұмыс жасайды.

Жиын барысында компанияның инвестициялық қызметі, қазақстандық тауарларды сатып алудағы үлесін ұлғайту, жалақыны арттыру, сондай-ақ мұнай мен газ өндіруге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Мұғалжар ауданында әлеуметтік нысандарды салу және жөндеуге қатысты бірнеше жобаларды жүзеге асыруға дайын.

Жағабұлақ ауылында 100 орындық балабақша салу, бірқатар елді мекендерге газ құбырын жүргізу, Қожасай ауылының көшелерін жарықтандыру, балалар алаңдарын орнату және т. б. жобалар іске асырылады.

💬 «Кәсіпорындар жұмыс істейтін елді мекендердің аумағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және жалпы өңірдің дамуына өз үлестерін қосуы тиіс. Компания тұрғындардың мәселелеріне бей-жай қарамай, әлеуметтік жауапкершілігі аясында тиісті жобаларды қолға алады. Бұл жобалардың іске асырылуы менің жеке бақылауымда», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button