Мереке

Ән тыңдап, ойын ойнады

Орталық стадион алаңында Ақтөбе қалалық білім басқармасы және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты бала» атты мерекелік іс-шара өтті.  

Алаңға жиналған балалар өнерпаздардың әндерін тыңдап қана қоймай, викториналық ойынға да белсенді атсалысты. Іс-шараға қатысқандар арасында қала тұрғыны Асхат Қоспанов та бар. Ол мерекелік думанға қызын ерте келген.

 Балаларымыз асыға күтетін мерекені тойлауға қызыммен келдім. Оның қуанғаны мен үшін зор бақыт. Сонымен қатар концертте ұлдарым Әмір мен Ерасыл өнер көрсетті. Балаларымның болашағының жарқын болғанын қалаймын.Олардан зор үміт күтемін. Кішкентай қызымның биге икемі бар. Сондықтан осындай іс-шараларға барғанда үнемі ертіп жүремін, — дейді ол.

Іс-шарада «Oxford» орталығының бишілер би биледі.

Мен билегенді жақсы көремін. 8 жасымнан бері би үйірмесіне барып жүрмін. Бүгін үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсеттім. Мерекеге орай анам маған бір қорап тәтті сыйлады. Жазғы демалысымды Түркияның Алания қаласында өткізуді жоспарлап отырмын. Барша балаларды мерекемен құттықтаймын, — дейді іс-шараға қатысушы Хадижа Құрманғазина.

Мерекелік думан соңында демеушілер тарапынан балаларға сый-сияпат табысталды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button