Пікір

Патриоттық тәрбиенің қайнар көзі

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ, облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қауымдастығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты:

— Рәміздер, ең алдымен, елдіктің белгісі. Ал рәміздерді жоғары ұстау, мақтан тұту — елдікке деген құрметтің белгісі. Мұның өзі — бізге ата-бабамыздан сіңген қасиет. Бабаларымыз елін, жерін қорғау үшін ұрысқа түскенде, алдымен тудың жығылмауын ойлаған. Ту ұстаған батыр жарақат алып өзі құласа да, туды құлатпай, қасындағы серіктеріне тік ұстаған қалпы табыстап кетуге тырысқан. «Туың құламасын!», «Туың жығылмасын!» деген тілектер халқымызда әлі күнге дейін айтылып келеді. Яғни туда тылсым бір қасиет, құдірет бар деген сенім болған.

Бүгінгі заман тұрғысынан алып қарасақ та, рәміздерді құрметтеудің маңызы зор. Әр мемлекеттің туы шетелде тек екі жағдайда ғана — сол елдің басшысы келгенде және спортшысы табысқа жеткенде— көтеріледі. Сондықтан біз спорттық жарыстарда әрдайым спортшыларымыздың тілеуін тілейміз, олардың жеңіске жетуін, жүлдеге ілігуін асыға күтеміз. Өйткені бүкіл әлем алдында Әнұранымыздың айтылуын, Туымыздың желбіреуінқалаймыз. Бұл — патриоттық сезімнің көрінісі.

Патриоттық тәрбиенің өзі рәміздерді құрметтеуден, олардың қадір-қасиетін терең сезіне білуден басталады. Біз соңымызға мемлекеттік рәмізге немқұрайды қарайтын, туды лақтырып жүре беретін ұрпақ қалдырмасақ екен деймін. Сондықтан әр отбасында ата-ана осыған көңіл бөліп, балаға айтып отыруы және құрғақ сөзбен емес, мейіріммен, жүректен шыққан ақыл-кеңеспен жеткізе білуі керек. Тәрбиенің қайнар көзі, ең алдымен, отбасында екенін ұмытпайық.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button