Жастар

Жастарға арналған 2,5 пайыздық шағын несие

Реформа: іс жүзінде

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру  жеке тетігін іске қосуды тапсырды.          

Бұл қолдаудың мақсаты — жастардың бизнес жобаларын іске асыру үшін шағын несиелер  беру.

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауға тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.

Несиелеу шарттары:

  • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
  • Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға — 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін — 5 жылға дейін.
  • Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Несие— кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. Филиалдардың мекенжайы agrocredit.kz сайтында көрсетілген.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
  3. қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;
  4. қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
  5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
  6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Барлық сұрақтар бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан, 77 (5-қабат) мекенжайы бойынша, сондай-ақ +7 (7132) 92-11-80, +7 (7172) 55-77-55, +7(701) 006-16-40 нөмірлері бойынша хабарласуыңызға болады.

 

Данабек УРУМБАЕВ,

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты

жұмыспен қамту мәселелері бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button