Жаңалықтар

Заңгерлер ақысыз кеңес берді

Акция

ІӨткен жұма күні Ақтөбе қаласында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Шара аясында көпшілік құқық қорғау органдары, атқарушы билік, т.б. сала мамандарының кеңесін ақысыз негізде алды.
Акцияның мақсаты — құқықтық сауатты арттыру және азаматтарға әсіресе халықтың осал топтарына — аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға заңгерлік көмек көрсету.
Заңгерлер мен қорғаушылар жиналған шараға келушілер көп болды. Олардың дені жер, алимент өндіру мәселелері бойынша маман кеңесіне жүгінді.
— Құқықтық ағарту — азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметі мен қызмет алу рәсімдерін жақсы түсінуге мүмкіндік берумен шектелмейді, бұл —елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің маңызды шарты да. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміз бойынша мұндай акцияларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері де ұсынысымызды қуана қабылдап, әрдайым белсенді қатысады. Бұл жолы барлық облыстық басқарманың өкілдері де шақыртылды.
Жылына бірнеше рет өтетін акцияға 1 сағаттың ішінде 200-ге жуық адам келді, — дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Есқали Саламатов.
«Халықтық кеңсе» орталығында ұйымдастырылған акция кешке дейін жалғасты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button