Жаңалықтар

Тарих пен тағылым

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарихы мен тағылымы» атты ғылыми конференция өтті. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, жоғары және арнаулы оқу орындарының мамандары, тарихшылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы баяндамалар оқылып, тағылымды ойлар айтылды.

Конференцияға қатысып, сертификат алғандар арасында М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің мұғалімі Қымбат Жалғасова да бар.

Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтауға арналған танымдық іс-шараларды көбірек ұйымдастыруымыз керек. Өскелең ұрпақ тарихи мұраларымызды, дәстүрлерімізді дәріптейтін ақпараттарға қанығып өскенде ғана зейінді жастарымыздың саны арта түседі. Ұлтжанды ұрпақ — ел болашағының кепілі, — дейді ол.

Жиында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы мұрағат деректері келтірілген бейнематериалдар көрсетілді.

— 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осы тұста университет қабырғасында 9 бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Зерттеу жұмыстарына археологтер мен тарихшылар, экспедиторлар жұмылдырып отыр, — дейді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Асылбек Мәден.

Іс-шара соңында барлық қатысушыға сертифат табысталды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button