Мәдениет

Ақтөбеде ақын Орал-Қосай Байсеңгірдің шығармашылық кеші өтті

Ақтөбенің 154 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында облыс орталығында ақын, актер, композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің «Ақ бесігім – Ақтөбе» шығармашылық кеші өтті.

Биыл ақын 50 жасқа толды. Мерейтой иесін облыс әкімі Ералы Тоғжанов құттықтады.

💬 «Ақтөбе өңірінен шыққан өнер майталмандары жетерлік. Солардың ізін жалғап келе жатқан бүгінгі өнер кешінің иесі, жерлесіміз – Орал Ноғайбайұлы. Бір өзінде бірнеше өнер тоғысқан. Актерлік шеберлігі, ақындығы, әншілігі, сөзге шешендігі бір төбе.
Өнердің шынайы келбеті сол өнерлі жанның өмірін нұрландырып, соның игілігіне қызмет етеді. Бауыржан Момышұлы батыр бабамыз айтқандай: «Өнер – адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Шын дарын өнер жолында өз орнын таба алады. Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзгеге де бақыт сыйлайтын жан»
деп Ералы Тоғжанов композиторға шығармашылық шабыт, толағай табыс, ұзақ ғұмыр тіледі.

Шығармашылық кеш иесі авторлығындағы әндер шырқалып, сахнада жаңадан шығып келе жатырған әншілермен қатар белгілі ақтөбеліктер Қанат пен Света Айтбаевтар, Дулат пен Рита Айтжановтар, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Марат Әйтімов және басқалары өнер көрсетті.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button