Денсаулық

Кенеден сақ болыңыз!

Наурыздың 29ынан бері Ақтөбе қаласында 93 адамды кене шаққан.

Көктем мен жазда қала сыртында және табиғат аясында демалушылар көп болады. Бұл кезде демалушылар кенеден сақ болғаны дұрыс. Өйткені кенелер әртүрліқауіптіаурулардытасымалдайды. Мысалы, Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия, кене вирустық энцефалиті, иксодикалық кене боррелиозы және басқалары.Ең қауіптісі — кене энцефалиті, ол ауыр жағдайларда мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Кене энцефалиті—орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел инфекциялық вирустық ауру. Кене риккетсиозының кене энцефалитінен айырмашылығы —ауру қатерсіз.

Кенелер бұталарда сирек кездеседі. Адам кененің жанында тұрса болды, кене теріге жабысып, қан соруға кіріседі. Кенелер үнемі жоғары қарай қозғалады, сондықтан олар қолтық астынан, арқадан, мойын мен бастан табылады. Егер орманда, далада немесе саяжайда жүрсеңіз, кенелерді анықтау үшін әр 15-20 минут сайын тексеру жүргізу қажет.

Кене шағып алған кезде шұғыл түрде медициналық мекемелерге бару қажет. Егер кене шақса, бірақ медициналық ұйымға бару мүмкін болмаса, төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:

—кененің басын кесіп алмау үшін кенені өте мұқият алып тастаңыз, бұлжер кейін іріңдеп кетуі мүмкін;

—кенені пинцетпен немесе саусақпен (дәкеге орап) алып тастауға болады;

—жәндікті бұрып, тартып шығарыңыз, оны шаққан жерге перпендикуляр ұстау керек;

—кенені инесіз шприцпен де алып тастауға болады. Мұны істеу үшін құралдың ине бекітілген жағын кесіп тастау керек. Мұндай шприцті «сорғы» ретінде пайдалануға болады;

—жәндіктерді арнайы құрылғының көмегімен де жоюға болады. Олар дәріханаларда және базарларда сатылады;

—кенені алып тастағаннан кейін тістеген жерді спирт ерітіндісімен немесе йодпен өңдеп, қолды мұқият жуу керек;

Сонымен қатар орманға, саябаққа немесе кенелер кездесетін кез келген аумаққа барғанда жабысқан кенелерді анықтау үшін жылдам тексеруді жеңілдететін киім кию керек. Киімді арнайы аэрозольді химиялық заттар—акарицидтермен (кенелерді өлтіретін), репелленттермен (кенелерді қорқытатын) немесе акарицидті репелленттермен (бір мезгілде қорқытатын және өлтіретін) өңдесе,қорғаныс тиімділігі бірнеше есе артады. Жағымсыз реакцияларды тудырмау үшін бұл құралдарды теріге қолдануға болмайды.

Ұлмекен МЕЛДЕН,

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

Бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button