Әдебиет

Болат ТЕМІРОВ

Болат Теміров 1938 жылы 5 маусымда Шалқар қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — журналист. Ұзақ жылдар бойы Шалқар аудандық «Коммунизм таңы» газетінде, облыстық телерадио комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде қызмет етті. Кейіннен облыс әкімі аппаратында бас маман, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының жауапты хатшысы болып істеді.

Өлеңдері 1975, 1983, 1984 жылдары «Жалын» баспасынан шыққан «Сыр-сапар», «Балауса», «Жыр-бесік» жинақтарына енген, сондай-ақ 2005 жылы «Отымды үрле менің» атты кітабы жарыққа шықты.

2000 жылы дүниеден өтті.

Әке

Арқау еттім жырыма тағы сені,

Бұл әуенім өзіңе таныс еді.

Қан қақсайды жүрегім сені ойласам,

Келер деген алдайды әлі сенім.

 

Сағыныштың бұлтына тереңдеймін,

Үміттенем, өзіңді көрем деймін.

Түн жорытқан кей-кейде жолаушының

Жүрісіне сен бе деп елеңдеймін.

 

Елеңдеймін қараумен пошташыға,

Қарап жүріп көшеде босқа асығам.

Қайда жүрсем, өзіңді көп ойлаймын,

Мінезімдіосынаудос та сынар.

 

Бұл уақыттыңбілмеймінкүшінеде,

Шындықтыайтсам,мынажұрттүсінеме?!

Шалдығыңдыкөрмегенжананамның,

Жігітболыпкіресіңтүсіне де.

 

***

Қуат алыл құдіретіңнен бұрқандым,

Сәулесін бер жанарыма нұр таңның.

О, туған жер, атамекен — ақ отау,

Арынын бер алмас тұяқ тұлпардың.

 

Қанатын бер қайырылмас қыранның,

Дүлей соқсын, қарсы құлаш ұрам мың.

Ұйқысын бер жас ананың мазасыз,

Күлкісін бер мөлдіреген ұланның.

 

Сырым да жоқ бір өзіңе ақтармас,

Арыстанның жүрегін бер жасқанбас.

Адуынды толқынын бер теңіздің,

Тағдырымен болайыншы астарлас.

 

Бастан мына мезгіл өтпек, күй өтпек,

О, туғанжер, тек жұртымасүйіктіет.

Күніңболыпкүлейіншіриясыз,

Өзіңболыпжүрейіншібиіктеп.

 

Дала келбеті

 

Көсіліп жатыр бұл маң бір,

Көгімде бұлттар аунайды.

Жел өкпе болған мол жаңбыр

Жауады,

Кейде жаумайды.

 

Аптыға соққан жел жетім,

Ашуға басқан болады-ақ.

Кетіріп терек келбетін,

Кетедішашындодалап.

 

Қарыштапкелемтағы да,

Қызықтапөктеммінезін.

Дауылдытілепжаныма,

Даладажүрмінбірөзім.

 

Боладыжақынаспаным:

Бұлт,

Жаңбыр,

Терек,

Дала,

Жел,

Жазылыпжатқандастанын,

Жаядымағанқаражер.

 

***

Найза оғынан бұлт кеудесі қақырап,

Бір сазарып, бір күледі атырап.

Бұтақтарда көп отырған торғайдай,

Жерге ақырын қонып жатыр жапырақ.

 

Сұрғылт түске бояп тастап бұл маңды,

Күз дегенің түкті киіз тұрған бір.

Дауыл соқса нөсерлетіп өтетін

Жапырақтар, жапырақтар — бір жаңбыр.

 

Көне жұрт

 

Осы үйді жүрек шіркін қалады мың,

Бойымдыкейдебилепаладымұң.

Бұлүйденкеткенәкемалысжолға,

Бұл үйдеөткенменіңбалалығым.

 

Қуанышалдаталайтосамашын,

Білмеймін, білеалмаймын осы арасын.

Алысқасапаршегіпкеткенәкем,

Баспадықайтаайналыпбосағасын.

 

Көліненкөлбеңдегенқазұшыра,

Өмірдіңкөпөтіпті-ау жаз-қысы да.

Бұл үйденкеттікбөлекқоныстеуіп,

Тағдырдыңерікберіпжазмышына.

 

Жаныныңжоғыніздептабатындай,

Бұл үйгекелушіедіанамтынбай.

…Мен-дағыжиікеліпқарай берем,

Тапқазірәкемшығыпқалатындай…

 

***

Суықжелертелі-кештыншымады,

Түрткілепсудыңбетіншымшылады.

Алыстанкөрінетінкөпноқаттай,

Ұзағанқұстарүнітұншығады.

 

Өзенжоқжатқанжардышапалақтап,

Қысотырқырастындасақалыаппақ.

Бұлт та бұлт, терек те бұлтоқтын-оқтын,

Жауадыжапырақтаржапалақтап.

 

***

Ойдажоқәстебіралмақдем,

Асығаөміргеенемін.

Маңдай тер сыпырыпбармақпен,

Жолсыздасоқпақпенкелемін.

 

Бар сырынұғамын,жаттаймын,

Келмейдіжалыққым, тоқтағым.

Даңғылжолтілеп те жатпаймын,

Өмір, тек көпболсынсоқпағың.

 

Орташа

 

Күпті болып көрген жоқпыз молдықтан,

Жайымыз бар оңымыз бен солдыұққан.

Базбіреулерсұрайқалсаайтамыз,

Халіміздіорташадепсондықтан.

 

Негекерекөмірсүрумұңартып,

Күнбопшығып, батқанжақсымұңартып.

Мағынасызкөпжасағанөмірден

Мағыналы аз жасағанмыңартық.

 

Жүруқиынқуанышқакенелмей,

Құлшынамызөміргебізөрендей.

Құдайыңдыұмыттыраркөпбақыт,

Аз бақыттанқалуоңайеленбей.

 

Күптіболыпкөргенжоқпызмолдықтан,

Жайымыз бар оңымыз бен солдыұққан.

Базбіреулерсұрайқалсаайтамыз,

Халіміздіорташа депсондықтан.

 

Қыс суреті

 

Малынып ұлпа қарға таңғы шынар,

Аңшының қансонарға алғысы бар.

Жарысып қиялменен қиядағы,

Барады таудан құлап шаңғышылар.

 

Қазаны қою бұлттың төңкеріліп,

Көрпесін жамылады дөң керіліп.

Қарайды жылқышы атам жан-жағына,

Құрығын білегіне көркем іліп.

 

Шопан да үйде отырмай сабыр қылып,

Кернейді тұла бойын жалынды үміт.

Сүйеді аяз беттен алма-кезек,

Көріскен достардай бір сағындырып.

 

Әндеткен жағасында қияқ талып,

Өзендер жатпайды енді күй ақтарып.

Самсайды алуан сурет кең далада,

Третьяков галерейі сияқтанып.

 

Біреуге

 

Жолында жоқ бөгет болар тас камал,

Ырзасың сен киер киім, асқа бар.

Білем, білем бір басыңды, әйтеуір,

Бақыттырақ сезінесің басқадан.

 

Бұл өмірдің тапқандайсың жайлысын,

Сезілмейді көкірегіңнен байғұс үн.

Білем сені жер өртеніп жатса да,

Басқалардың елемейсің қайғысын.

 

Кетеді деп өмір сүрме бірде есем,

Бәрінен де қиын көңіл кірлесе.

Ең жаманы бұл өмірде басқаның

Бақытына шын қуана білмесең.

 

«Мықтымын» деп ойыңа алма мүлде сен,

Болсын дәйім көрер көз де, тіл де есен.

Ең жаманы бұл өмірде өзгенің

Қайғысына шын қайғыра білмесең.

 

***

Ай — сұлу бұрымын тарайды,

Сен бедепқалдым мен көктегі.

Жұлдыздаржымыңдапқарайды,

Сәулешім, жанарың от па еді?!

 

Сылдырапағадытасбұлақ,

Күлкіңеұқсайдысенің де.

Қозғайдыбастарынжасқұрақ—

Тербегенсағынышлебіңбе?!

 

Ғажапкүшбойыңда бар қандай—

Көз жұмсам, қоршайды елесің.

Алдымнан жалт етіп армандай,

Қашан сен келесің, келесің?

 

***

Төгілемін жыр болып, ағыламын,

Тентек желден іздесең табыламын.

Жалынамын, жан сәулем, тыныштық бер,

Тыныштық бер жырыма, жалынамын.

 

Көңілімнің толқынды күйі басым,

Қоя тұр деп өлеңді қиыласың.

Қоя алмаймын, жан қалқа, өлеңімді,

Ағын болсаң, қалайша тыйыларсың.

 

Жерім бар ма өзіңді түңілдірген,

Өзім болып кеудеңе жырым кірген.

Өлең — менің арманым жалғыз ғана,

Тек арманның жолында жүгіндім мен.

 

Қызығым да осында көрем деген,

Өлең десе, әз жаным елеңдеген.

Сондықтан да, жан сәулем, бір өзіңді,

Мүсіндегім келеді өлеңменен.

 

Құлақ күйі осы өлең көңілімнің,

Адастырмас жұлдызы сенімімнің.

Өлең — менің бастауы бақытымның,

Өлең — менің нүктесі өмірімнің.

 

Өзің барда…

 

Самаладай жарқырап сағымды аспан,

Жол да табам өзіңе жаңылмастан.

Асығамын, анашым, бір көруге,

Мен дегенде, білемін, жаның басқа.

 

Ыстық сезім бойымды  билеп кірген,

Жолым алыс,  өзіңді сирек көрем.

Жүрегімде сап құрып жауар күнде

Сағыныштың бұлттары түйдектелген.

 

Отырғам жоқ қасыңда, көрші үйде мен,

Жүрегімді лаулаған желпиді өлең.

Сенің ғана арқаңда алшаң басып,

Маңдайыма үскірік жел тимеген.

 

Көктем келді тағы да көк перделі,

Көрмеппін-ау өзіңді көптен бері.

Айғыздапты, анашым, беттеріңді

Қилы-қилы өмірдің өткелдері.

 

Саған деген  пәк менде сезім де, ар да,

Қарай-қарай жолыңа көзім талды.

Салиқалы азамат дегенменен,

Нәресте боп кетемін өзің барда.

 

Келдің бе сен…

 

Сағындырған қонақтай, кідірген бір көп келмей,

Келдің бе сен, қыз-көктем, сағындырған кептердей?

Жер-ананың құрсағы тоғыз айдай көтеріп,

Жылғаларды шулатып, туып сені кеткендей.

 

Көңіліңнің құмары, маржан ойдың айнасы,

Құлыншақтай құлшынсам, саф ауаның пайдасы.

Қарық болып жатыр көл қаз-үйрегі оралып,

Төгіп-төгіп жырлатар, шабыт көзі, қайдасың?

 

Құралады дейді ғой теңіз суы тамшыдан,

Сырларымның тұнығын мұз-құрсаудан аршығам.

Ару-көктем, өзіңнің ажарыңнан айналдым,

Бірақ саған шын ғашық менен де өзге бар шығар?

 

Әнге басып таң алды бозторғайлар дүркіреп,

Қызғалдағың — кілемің жайып салған сілкілеп.

Шайдай ашық аспан да қас қағымда түнеріп,

Найза тіліп бұлт төсін, күн алады күркіреп.

 

Көкек болып шақырып, мамырлаған мамырдай,

Келген сайын күлімдеп, көрінесің бағымдай.

Аңсауменен сарғайып ұлын тосқан анадай,

Қалай сені, күн-көктем, қарсы аламын сағынбай?!

 

Сағындырған қонақтай, кідірген бір көп келмей,

Келдің бе сен, қыз-көктем, сағындырған кептердей?

Жер-ананың құрсағы тоғыз айдай көтеріп,

Жылғаларды шулатып, туып сені кеткендей.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button