Мәдениет

«Жауқазынның» жеңісі

Өнер

Қурайлы мәдениет үйі жанындағы «Жауқазын» би ансамбліреспубликалық байқауда «Халық биі» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Биыл құрылғанына алты жыл толған ансамбль репертуарында 20-дан астам классикалық, халықтық, заманауи бағыттағы би бар. Жас ерекшелігі әртүрлі 30 оқушыны қамтитын би ұжымына жас маман, кәсіби хореограф Айжан Тыныштық жетекшілік етеді.

Жалпы мәдени-көпшілік шаралардың көркемдік деңгейі жоғары болуына би өнерінің қосатын үлесі көп. Осы орайда «Жауқазын» би ансамблі қаламызда болатын іс-шараларға белсене қатысып, ашық алаңдарда өнер көрсетіп келеді. Өткен жылы «Би қанатында» атты жеке концертін өткізген би ұжымы қазір түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жас бишілер өз өнерлерін шыңдап келеді.

Балалардың шығармашылық жетістіктерге жетуіне ұжым жетекшісі Айжан Тыныштық пен ата-аналардың қосқан үлесі зор. Жас бишілердің сахналық костюмдері жыл сайын жаңартылып, би ұжымына материалдық қолдау көрсетіледі.

Биыл аталған ансамбль «Дарындар сазы», Халықаралық би Күніне арналған байқауларға қатысып, жүлделі орынды иеленді. Жақында өткен республикалық байқауда 8-10 жас ерекшелігі бойынша «Халық биі» номинациясынан бас жүлдені жеңіп алды.

Аз уақытта көрерменнің көзайымына айналған жас өнерпаздардың бұдан да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

 Э.ОМАРОВА,

Қурайлы мәдениет үйінің әдіскері.   

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button