Мәдениет

Бас жүлде «Ұшқынға» бұйырды

Театр

Құрайлы мәдениет үйінде өткен «Ахтанов аллеясы» атты балалар мен жасөспірімдер театры фестивалінде Қарғалы ауданының жастары топ жарды.

«Ұшқын» халықтық жастар театры осы уақытқа дейінгі байқауларда да топ жарып, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген. Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналғанбатысаймақтық ауыл театрларының байқауында оларбас жүлдемен қатар, «Ең үздік актер» номинациясын да иеленіп қайтты. Өнер иелері фестивальде К.Олжастың «Дүние» трагикомедиясынсахналап, көпшіліктің көңілінен шықты. Театр жастары кейін ол спектакльді ауылдастарына да тарту етті. Қойылымда қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, көрерменді бірде күлкіге қарық қылса, бірде көңілге мұң ұялатты. Олар жағымды, жағымсыз 18 кейіпкердің бейнесін шынайы көрсетуге тырысты. Қойылымға жиналғандар қарасы көп болып, жас отбасылар мен балалар жақсы әсермен тарқасты.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button