Мәдениет

Ашық аспан астындағы музей

Экскурсия

Қарғалы ауданының көрікті жерлерінің бірі Қасқыр сарқырамасында халықаралық музей күніне арналған «Ашық аспан астындағы музей» атты аудандық марафон өткізілді.

Аудандық марафон барысында Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Қымбат Тасымова Қасқыр сарқырамасынан бастап аудандағы көрікті жерлерге экскурсия жүргізді.

Іс-шара барысында қонақтар мен қатысушыларға «Ашық аспан астындағы музей» көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы ұйымдастырылып, үздік зергерлер марапатталды. Ұйымдастырушылар атынан акция қатысушыларына сертификат табысталды.

Акцияның негізгі мақсаты — Қарғалы ауданының тарихи мұрасын зерделеу, табиғи ескерткіштерді қорғау, сонымен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын зергерлік бұйымдар мен сирек кітаптарды жинақтау. «Жәдігер жерде қалмасын» жобасы жыл соңына дейін жалғасады. Сондықтан біз аудан тұрғындарын акцияға үлес қосуға шақырамыз, — дейді музей қызметкері Қымбат Тасымова.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданының құрметті азаматы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button