Білім

Алдағы үш жылда Ақтөбе облысында апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

💬 «Білім беру сапасын арттыру мақсатында биылғы жылы 4 мың оқушыға арналған 18 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде біздің облыста 5 апатты және 6 үш ауысымды мектеп бар. Бұл мәселені шешу үшін алдағы 3 жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17,5 мың орындық 20 заманауи мектеп салу жоспарлануда. Бұл біздің өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешеді», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Өңір басшысы Ақтөбе облысында тұрғындарды сапалы медициналық қызметтермен, оның ішінде ауылдық жерлерде қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанына тоқталды.

💬 «Осы мақсатта облыстың 3 ауданы – Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарында көпбейінді ауданаралық ауруханалар ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі жыл ішінде 20 мың халқы бар 29 ауылда заманауи жабдықталған денсаулық сақтау нысандары салынады», – деді Ералы Тоғжанов.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button