Мереке

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні!

Отанға сүйіспеншілік өз отбасыңа деген ыстық сезімнен басталады. Өзің өсіп-өнген шаңырағыңда алған үлгілі тәлім-тәрбиең — ұлттың кемелді келешегінің кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, әрбір жарасымды жанұя — еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуының негізі. Отбасы ұғымы біздің халқымыз үшін қашанда қасиетті болып табылады. Қай кезден де ол басты құндылық, рухани қуаттандырушы және жігер беруші, тірек пен қолдау көзі болып табылады.

Отбасы бағзы заманнан ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы алтын тіні, рухани және мәдени дәстүрлердің қорғаушысы болып келді және алда да солай болмақ. Бүгінгі күні жас буын өкілдерімен туған үйдің қасиетін құрметтеу, кез-келген кедергілерді бірлесіп жеңіп, жақындарың үшін жанашыр бола білу қажеттігі туралы әңгімелесу өте маңызды. Бұл құндылықтар олар үшін адамгершіліктің асыл мұраты ретінде бағыттаушы болуы тиіс.

Халықаралық отбасы күні секілді мерекелер біздің рухани қуатымыздың нығаюына жол ашып, қоғамымызда ерлі-зайыптылық ғұмырдың жарасымдылығының маңыздылығын тануға сөзсіз бейімдейді. Отбасындағы үйлесімділік — кез-келген елдің ілгеру дамуы мен өркендеуінің өлшемі. Отбасы жарасымын, аналарды, әкелер мен балаларды қорғау және қолдау, демографиялық ахуалды жақсарту үшін жағдай жасау — біздің республикамыздың маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі.

Қазақстанда отбасы туралы қамқорлыққа, сәбилердің өсіп-өнуіне, аналар мен балаларды қолдауға бағытталған мемлекеттік отбасылық саясат жүйесі жасалған. Ақтөбе облысында отбасылық дамуды нығайту үшін көптеген істер жүзеге асырылуда.

Балалардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасалуда, мәдени-демалыс мекемелері желісі дамытылуда, жоғары технологиялық медициналық көмек қолжетімді бола түсуде, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортпен шұғылдануға бетбұрыс жасалды.

Көп балалы, жарасымды отбасы — кез-келген мемлекеттің қалыпты тіршілігінің, ұрпақтар сабақтастығының, халықтың рухани-адамгершілік биік деңгейінің сақталуының сөзсіз шарты. Өнегелі отбасылар көп болған сайын еліміз де қуатты бола түседі, ұлттың күшті болуына да негіз қаланады.

Әр шаңырақта бақыт шуағы орнап, ата-ана мейіріміне бөленген сәбилердің жарқын күлкісі молая түссін!

©️ Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button