Мәдениет

Жамбылдан қалған жәдігер

Көрме

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Ата аманатына адалдық» атты жылжымалы көрме ашылды.

Көрмені ақын Жамбыл Жабаевтың немересі, аталған әдеби-мемориалды музейдің директоры Салтанат Жамбылова таныстырып, құнды деректер туралы мәлімет берді.

Жылжымалы көрменің ашылу салтанатына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың нағашы туыстары — Сапар Молдағұлов, Ария Бисембаева, ақынның шөбересі Қарлығаш Тезекбай және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты — ақынның рухты жырларын ұлықтау және Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қорындағы жәдігерлерді таныстырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Көрме экспозициясында  ақынның өзі ұстаған домбырасы, Мәскеу қаласына сапары кезінде киген шапаны, телефон аппараты, сонымен қатар елімізге белгілі суретшілердің туындылары және тағы басқа да құнды жәдігерлер көпшіліктің назарына ұсынылды. Жылжымалы көрмеге 60-тан астам жәдігер қойылған, — деді Жамбыл ақынның немересі Салтанат Жамбылова.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button