Денсаулық

Күйдіргі

Ақтөбе аумағында күйдіргі ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты, күйдіргі инфекциясы тіркелген жоқ. Дегенмен ауруды емдегеннен гөрі алдын алу оңай.

Күйдіргі — шөпқоректі жануарлар мен адамдар ауыратын аса қауіпті инфекциялық ауру. Адам күйдіргі ауруын үй жануарын күтіп-баптау, мал сою, бөлшектеу, терісін сыдыру кезінде жарақат алғанда жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ ет, сүт өнімдерін пайдаланғанда және жүн, теріні өңдеу кезінде ауа-шаң жолымен жұқтырады.

Бұл ауру терідегі инфекцияның түскен жерінде қызыл дақтың пайда болуымен жедел басталады, дақ пустулаға, кейін қара қабықшамен қапталған айналасы қызарған жараға айналады. Дене қызуы 39-40ºС-қа дейін 5-7 күн бойы көтеріледі.

Күйдіргі жұқтырдым деген күдік туған бойда медициналық көмекке жүгініңіз. Ауру малмен немесе залалданған материалмен жанасқан адам екі апта дәрігерлік бақылауға алынады.

Күйдіргі ауруының алдын алу үшіншаруа қожалығындағы, әсіресе жеке иеліктегі малдарға уақтылы ауруға қарсы екпе егу қажет. Ал ауруы анықталған малды оқшаулап, өлексесін өртеп, аурумен залалданған нысандарды залалсыздандырукерек. Сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық қадағалау рұқсатынсыз мәжбүрлі түрде сойылған малдың етін жеуге болмайды.Сапа сертификаты жоқ, бөтен елден келген ет, ет өнімдерін қолдану да қауіпті.

Ең бастысы, мал бағумен айналысатын адамдар жеке бас гигиенасын сақтап, күйдіргіге қарсы екпеден бас тартпағаны жөн.Өз денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін ветеринарлық куәлігі және сатуға рұқсаты жоқ адамдардан ет өнімдерін алмаңыз.

 Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылаубасқармасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button