Денсаулық

Сарыптан сақтанамын десеңіз…

Маман кеңесі

Сарып — ұзаққа созылатын жұқпалы ауру. Бұл дерт ағзада жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратын зақымдайды және адамға малдан жұғады.

Сарып ауруының бастапқы кезеңінде жалпы ауырсыну, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі байқалады. Науқас өзін әлсіз сезініп, басының, буындарының ауыратынын айтып шағымданады.

Өткен жылы облыста жедел сарып ауруының 20 жағдайы тіркелді,оның ішінде Ақтөбе қаласында — 11 жағдай, Қобда ауданында — 3, Темір және Алға аудандарында — 2, Мұғалжар және Ойыл аудандарында1 жағдайдан тіркелді.

Тексеру барысында 11 науқасқа инфекция — ұсақ малдан, үшеуіне ірі қара малдан жұққаны анықталды, қалған 6 жағдайда ауруға белгіленбеген сауда орындарынан алынған өнімдерді пайдалану себеп болған.

Ақтөбе қаласынан тіркелген науқастар арасында бір отбасының — 2, тағы бір отбасының 3 адамы бар.

Сарып ауруы адамға әртүрлі жолдармен жұғады. Негізінен, ауру малды күту немесе сою кезіндетиісті сақтық шараларын сақтамау салдарынан, сондай-ақ ауру малдың етін, шикі сүтін және сүт өнімдерін пайдалану арқылы дажұғады. Дәрігерге уақтылы қаралып, емделмеген жағдайда ауру созылмалы түрге өтіп, мүгедектікке және бедеулікке соқтыруы мүмкін.

Аурудың алдын алу шараларына тоқтала кетсек,ең алдымен,тұрғындар қолындағы малдыміндетті түрде жылына екі рет сарып ауруына тексертіп, ауру анықталған жағдайда малды 15 күннің ішінде жою керек. Мал ұсталған жерде залалсыздандыру шараларын жүргізу қажет, себебі дезинфекциялық препараттар бактерияны түпкілікті жояды. Екіншіден, тек қайнатылған сүтті ғана пайдалану керек. Аурудың қоздырғышы 100ºС температурада 5 минуттың ішінде жойылады. Ет, сүт және сүт өнімдерін көрінген жерден, тиісті құжаттары жоқ адамнан сатып алмаңыз, тек заңды сауда орындарынан алыңыз.

Мал баққан адам әрдайым жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауы керек, мал қорада шылым шегуге болмайды, ал қорадан келген соң қолды сабындап жуыңыз.

Мұхтар СЕРБАЕВ,

облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысының орынбасары.

Гаухар ИГІЛІКОВА,

аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button